Жолдауда ел бірлігін нығайтуға айрықша мән берілді – Мемлекет басшысы
21 Қазан 2021, 12:14 4557

Жолдауда ел бірлігін нығайтуға айрықша мән берілді – Мемлекет басшысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

Кеңес мүшелері бүгін Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жиналып отырмыз. Тәуелсіздік мерейтойы еліміз үшін аса маңызды тарихи белес. Біз осы жылдарда тұрғыры биік мығым мемлекет құрдық. Экономикамызды өркендеттік, халықтың әл-ауқатын арттырдық. Мұның бәріне берекелі бірлігіміз арқылы қол жеткіздік. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей үлгісі қалыптасты. Оның тиімділігін әлем қауымдастығы  мойындады, - деді Президент Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында. 
Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауда ел бірлігін нығайта түсу қажеттілігіне айрықша мән берілгенін айтты. 

Қазақстандағы тұрақытылық пен татулық, қоғамдағы ынтымақ пен теңдік өзара сенімнен, құрметтен бастау алады. Қастерлі отанымызда түрлі мәдениеттердің үлесінің болуы соның көрінісі. Бұл біртұтас ұлт болған еліміздің басты қағидаты, әрі стратегиялық бағдарымыз. Қазіргі заманда сын-қатерлер аз  емес. Мұндай жағдайда біз ұлттық бірлігімізді одан әрі бекемдей түсуіміз керекпіз. Сонда ғана мемлекеттігімізді нығайтып, жаңа белестерді бағындыра аламыз. Ассамблеяның 29-шы сессиясында Елбасы осы бірегей құрылымға басшылық жасауды маған сеніп тапсырғанын білесіздер. Бұл шешімді қолдаған баршаңызға алғыс білдіремін, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.


Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Загрузка...