Жолдау бір бөлек, іс жүзінде жағдай басқа. Сенатор шындықты айтты

1 Қазан 2020, 11:31
3705
Бөлісу:
Жолдау бір бөлек, іс жүзінде жағдай басқа. Сенатор шындықты айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың жалпы отырысында депутат Ғұмар Дүйсембаев Үкімет басшысының атына ауыл шаруашалығын субсидиялауға қатысты сауал жолдады.

Депутат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында  «Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қаблетті экономика құру мүмкін емес» деп атап айтылғанын атап өтті.  

Жолдауда «Негізгі міндеттеріміз: әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен өзімізді толық қамтамасыз ету; миллиондаған ауыл тұрғындарының табысын арттыру; еңбек өнімділігін екі жарым есе көбейту;  агроөнеркәсіп кешені өнімінің экспортын екі есе арттыру» деп өзімізден өндірілетін тағам өнімдерінің көлемін арттыру, импорт алмастыруды азайту үшін отандық өнім өндіруді арттыру міндеті қойылды. Қазіргі әлемді жайлаған пандемия кезеңінде халықты ішкі нарықты сапалы азық-түлік өнімдерімен қамту бірінші кезектегі өткір мәселе. Бірақ іс жүзінде басқаша жағдай қалыптасуда, - дейді Ғұмар Дүйсембаев. 

Оның бұлай айтуына себеп, осы бағыттағы берілетін субсидиялау ережелерінде мал бордақылау орындарындағы бір мезгілде тұратын мал басының көп мөлшерде болу талабы. Оның талаптарын кіші шаруашылық түгілі, ірі шаруашылықтардың өзі орындай алмай отыр.

Атап айтқанда, Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 23 шілдедегі «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіп кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы»  №317 бұйрығына биылғы 21 тамыздағы  соңғы енгізілген өзгеріске сәйкес ірі қара малын бордақылауда бір мезгілде  5000 бас малды ұстау қажет деп көбейтілген. Бұл мәселе туралы Атырау мен Маңғыстау облыстардың кәсіпкерлері бір мезгілде 2000 бас ірі қара санын 500 басқа дейін түсіру туралы министрлікке ұсыныс енгізген, - дейді депутат.

Оның себебі батыс өңіріндегі қатал континентальды, құрғақ климатты жағдайымен ерекшеленетін, территориясында шаруашылық мақсатына пайдаға жарамды жерүсті су көзі жоққа тән, табиғи жауын-шашын мөлшері өте жеткіліксіз Атырау, Маңғыстау облыстарында табиғат жағдайлары ерекшеліктерге сай жем-шөп дайындаудың қиындығы болса, екіншіден, осы мақсатқа көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың жетімсіздігі екен.

Жергілікті жерден шабылған шөп мал азығы үшін жеткіліксіз болуына байланысты  мал шаруашылығына қажетті қоспа құрама жем мен азықтық дән еліміздің астықты аймақтарынан сатып алынып, тасымалданып жеткізіледі. Бұл шаруа қожалықтар үшін қаражат жағынан тиімсіздік тудырып, шығынның көп кетуіне себепші болып отыр. Жалпы қазіргі күні осындай шағын және орта бизнестің дамуына және аймақтарды жергілікті ет өнімдерімен қамтамасыз етуге кедергі келтіріп отыр. Бүгінгі күні жалпы республика бойынша сиыр етін импорттау көлемі 16 мың тоннаны құраса, ал Атырау облысында ет және ет өнімдерді сырттан сатып алу 40 пайыздан асады, - дейді сенатор.

Депутат еліміз бойынша жаңа дамып келе жатқан кіші шаруашылықтарды көтеру үшін таза, сапалы ет өнімдерімен қамту үшін бордақылау алаңдарындағы бір мезгілде тұратын мал санын төмендету қажет деп отыр. 

Себебі, енгізілген жаңа талаптар мал өсіретін шаруашылықтардың дамып, көтерілуіне кері әсерін тигізеді, яғни бұдан етті бағыттағы мал шаруашылығы өз дәрежесінде дамиды деп айтуға келмейді. Негізі барлық өңірге ортақ көтеріліп жүрген осы маңызды мәселе бойынша қағидада әр облыстың ерекшелегін ескере отырып, диференциялды түрде қарау қажет. Ал осы бордақылауға бір мезгілде тұратын мал санын қағидаға сәйкес жоғарыда аталған екі облыста 500 басқа дейін төмендетсе, онда шаруашылықтар тарапынан мал бордақылау алаңдарын көбейетуге мүмкіндік болады, - дейді Ғұмар Дүйсембаев.

Өзгелердің жаңалығы