Жолдау-2021. Аудан әкімдерін де халық сайлайтын болады

1 Қыркүйек 2021, 22:03
5255
Бөлісу:
Жолдау-2021. Аудан әкімдерін де халық сайлайтын болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында мәлімдеді. Жолдаудан кейін әлеуметтік желі қолданушылары өз пікірлерін білдіруде.

Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдерді қолдау саясатын жалғастыра береміз деп тапсырма берген болатын.

Мұғалімнің жалақысы өсіп еді, мәртебесі де артты. Қазір мектепке жұмысқа тұрғысы келетіндер, педагогика мамандықтарына түскісі келетіндер көбейген. Сапалы, білікті мамандар мектепке оралып жатыр. Бұл фактор білім саласына серпін берері сөзсіз. Мемлекет басшысы бүгінгі Жолдауында да мұғалімдерді қолдау жалғасатынын айтты. Биыл қаңтар айынан бастап педагогтардың жалақысы 25 пайызға өсті. Келесі 3 жылда осы мақсатқа 1,2 трлн теңге бөлінеді. Қабылданған шаралар өз нәтижесін көрсетіп жатыр. Атап айтқанда, педагогикалық мамандыққа түсетіндердің орташа балы көбейді, - деді журналист Дәурен Сейітжанұлы.

Сонымен қатар Жолдау халқымызға тән ерекшеліктерге байланысты өзгерістер енгізілетіні айтылды. Оған дәлел 2024 жылы пилоттық режимде аудан әкімдерінің сайлау науқанын өткізу жоспарлануда.

Биыл елімізде тұңғыш рет ауыл әкімдерін сайлау науқаны өткен болатын. Енді 2024 жылы пилоттық режимде аудан әкімдерін сайлау саяси науқанын өткізу жоспарлануда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Қазақстан халқына Жолдауында осыны айтты. Еліміздегі саяси реформалар жалғаса береді. Мемлекетіміздің саяси статусында өзгерістер болады. Әрине, мұның бәрі халқымызға тән ерекшеліктерді ескере отырып, жүзеге асырылады. Ауыл әкімдерін сайлау тұрғындардың демократияға деген көзқарасын айқындап берді. Аудан әкімдерін сайлау жөніндегі реформа осы көзқарасты нығайтуы тиіс, - деді желі қолданушысы Ерболат Айнабеков.


Өзгелердің жаңалығы