Жолдағы жылдамдықты түсірер болсақ, апат санын азайтар едік – Замир Сағынов

9 Желтоқсан 2019, 19:24
4947
Бөлісу:
Жолдағы жылдамдықты түсірер болсақ, апат санын азайтар едік – Замир Сағынов
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2018 жылы 15 мың жол-көлік оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан 2096 адам қаза тапты, жарақат алғандардың саны – 20445 адам. 

Бұл туралы Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы бас директоры Замир Сағынов айтты.


WhatsApp Image 2019-12-09 at 19.14.48.jpeg

Дүниежүзілік банктің шақыртуымен Оңтүстік Корея елінде іссапарда болып қайттық. Бұл елдің жол қауіпсіздігі саласындағы тәжірибесімен таныстым. Мемлекет кешенді жұмыстар арқылы жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болған адамдардың санын азайта алған. Мәселен, оларда 1991 жылы жол-көлік оқиғаларынан қаза болғандардың саны 13 429 адам болса, 2004 жылы бұл көрсеткіш екі есе қысқарып, 6 563-ке жеткен. Ал 2018 жылы қайтыс болғандардың саны 3781 адам болған. Бұл дегеніңіз Оңтүстік Кореяда жол апатынан қайтыс болған адамдар саны 100 мың тұрғынға шаққанда 7 адам деген сөз. Біздің елде де жол апатынан қайтыс болғандардың саны азайып келеді, 2018 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш – 11,5 құрады. Айта кетейік, Еуропа елдеріндегі көрсеткіш 5,5 тең және олар оны 0 дейін түсіреміз деп отыр. Демек бұл бағытта жұмыстарды әлі жақсарту қажет, - дейді Замир Сағынов. 

Оның айтуынша, жолдардағы рұқсат етілетін жылдамдықты азайту арқылы да жақсы нәтижелерге жетуге болады. Мысалы, жылдамдықты 10%-ға азайтсақ, жол апатынан қайтыс болатындардың санын 50%-ға кемітуге мүмкіндік бар.

Бізде жолдағы көліктердің рұқсат етілген жылдамдығы тым жоғары. Ал Кореяда республикалық жолдарда 100-ден аспайды, елді мекендерде 60 шақырымнан асырмауы тиіс. Бізде осы жылдамдықтың салдарынан жол-көлік оқиғалары көп. 2018 жылы 15 мың жол-көлік оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан 2096 адам қаза тапты, жарақат алғандардың саны – 20445 адам. Көптеген елдерде, мысалы Бангладеште ондай статистика жоқ. Бізде әйтеуір статистика, оған да шүкір дейміз. Енді тапсырма осыны жүйелеу керек. Былтырғы жылғы жол-көлік оқиғаларының 45%-ы жолаушы өтетін тұста болған, - дейді орталық басшысы.

Өзгелердің жаңалығы