"Жолдағы қабылдау" акциясы жаңа форматта өткізіледі 

17 Қазан 2019, 10:44
1988
Бөлісу:
"Жолдағы қабылдау" акциясы жаңа форматта өткізіледі 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері 18-19 қазан күндері "Жолдағы қабылдау" республикалық ациясын Шымкент қаласының фронт-кеңселерінде және стационарлық полиция бекеттерінде өткізеді, деп хабарлады otyrar.kz.

Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауатын және олардың жол қауіпсіздігі ережелерін сақтаудағы жауапкершілігін арттыру, тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, қоғам мен билік арасындағы байланыс алаңын кеңейту, азаматтардың жеке түсініктері мен жауапкершіліктерін сезіндіру, жол апаты келеңсіздіктерін алдын алып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, миграциялық заңдылықты сақтау, азаматтардың полицияға деген сенімін арттыру болып табылады.

"Қабылдауда әкімшілік полиция басқармасы, көші-қон қызметі, жол-техникалық инспекциясы, азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлімі, криминалдық полиция басқармасы және Шымкент қаласының ПД-нің басқа да бөліністерінің қызметкерлері қатысып, қала тұрғындары мен қонақтарының сұрақтарына жауап береді", - делінген таратылған ақпаратта.


Өзгелердің жаңалығы