«Жолда қабылдау» акциясының үш күні ішінде полицейлер 19 мыңға жуық кеңес берді

10 Сәуір 2019, 20:38
1732
Бөлісу:
«Жолда қабылдау» акциясының үш күні ішінде полицейлер 19 мыңға жуық кеңес берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрлігі тұрғындармен жұмыс істеуде айтарлықтай өзгерістерді қарастыратын полицияны жаңа жұмыс моделіне көшіру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізудеІІМ 5-6 сәуір күндері жалпы республикалық «Жолда қабылдау» жедел акциясын өткізді. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі қазақстандық полицияның өзекті міндеттерінің бірі қол жетімділікті, ашықтықты, жеделділікті арттыру және тұрғындармен өзара тиімді байланыс жасау болуы тиіс. Полицияда қазақстандықтармен кері байланыстың қажеттілігіне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы айырықша назар аударған болатын.

Осы ретте ІІМ 5-6 сәуір күндері жалпы республикалық «Жолда қабылдау» жедел акциясын өткізді. 

Қалаларда және ауылдық жерлерде арнайы жабдықталған автобустар базасында 250-ден астам жедел топ ұйымдастырылып, тұрғындарға қажетті кеңестер берді. Азаматтарда өздерінің кезек күттірмейтін мәселелерін шешу үшін күні бұрын жазылмай, кедергісіз, тікелей полиция департаменттерінің басшыларымен, сондай-ақ әкімшілік, көші-қон және жергілікті полиция басшыларымен сөйлесу мүмкіндігі жасалды.

«Кабинеттен тыс» сыртта берілетін осындай кеңестер азаматтарға полициямен тікелей байланыс жасауына мүмкіндік тудырады, ал полицияның өз кезегінде халықпен өзара тиімді іс-қимыл жасасуды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қарапайым азаматтар – зейнеткерлер, таксистер, қызметшілер үшін ресми емес жағдайларда өз проблемаларының жедел шешілуі өте тиімді болды.

Сонымен «Жолда қабылдау» акциясының үш күні ішінде азаматтарға 19 мыңға жуық кеңес берілді, халықтан сұрақтардың басым көпшілігі 11 мыңнан астамы екінші күні түсті, бұл халықтың осы акцияға көңіл аударуының артқанын көрсетеді.

Акцияның қорытындысы көрсеткендей, азаматтар үшін анағұрлым өзекті болған мәселе – әкімшілік айыппұлдарды төлеу (4,3 мың), халықты тіркеу (3 мың), жол қозғалысын ұйымдастыру (2,9 мың), автокөлікті тіркеу және қайта жабдықтау (2,8 мың және 1,7 мың), сондай-ақ жүргізуші куәлігін беру (2,3 мың). Сондай-ақ азаматтардан полиция қызметін жақсартуға, оның ішінде қоғамдық, жол қауіпсіздігі, көші-қон және т.т. байланысты ұсыныстар жасалды.

Бұл ағымдағы жылғы 27 наурызда Үкімет және өңірлік әкімдер қатысуымен өткізілген кеңесте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың билік органдарының халықпен өзара іс-әрекет жасасудың жаңа форматына көшуі туралы берген тапсырмасына толықтай сәйкес келеді.

Бұдан басқа, ішкі істер органдарын жаңғырту барысында өңірлерде 170-тен астам полицияның фронт-офистері ашылды, онда кез-келген азамат қажетті кеңес алады. Жылдың соңына дейін фронт-офистердің саны 250-ге дейін жететін болады. Министрлік пен полиция департаменттерінің басшылығы апта сайын азаматтарды қабылдау жүргізеді, қабылдау кестесі ресми сайт пен әлеуметтік желілерде жарияланған.

«Біздің бастамамызбен өткен «Жолда қабылдау» акциясы тұрғындар үшін қажет болды. Бүгінде халық полициямен тікелей байланысты қажет етеді, сондықтан да осындай іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылатын болады», - деді Ішкі істер министрі Ерлан Тургумбаев.

Өзгелердің жаңалығы