«Жолда қабылдау» акциясы азаматтардың проблемасын кабинеттен тыс жерде шешуге ықпал етеді - министр

21 Маусым 2019, 18:13
1364
Бөлісу:
«Жолда қабылдау» акциясы азаматтардың проблемасын кабинеттен тыс жерде шешуге ықпал етеді - министр
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ  тілшісі. Ішкі істер министрлігі ай сайын «Жолда қабылдау» акциясын өткізуді тәжірибеге енгізген. Бұл туралы бүгін xалықпен кездесуда ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.

«Департаменттер мен басқармалардың жетекшілері азаматтарды алдын-ала тіркеместен және ешқандай бюрократизмға жол бермей, мәселелерін жолда, көшеде тыңдап шешуге тырысады», - деді Ерлан Тұрғымбаев.

Оның айтуынша, азаматтар осы акция арқылы бейресми форматта проблемаларын жылдам шеше алған. Арасында полицияның жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар айтқандар болған.  Тек сәуір мен мамыр айларындағы екі акцияда 34 мыңнан астам адам қабылдауда болған. 

«Азаматтардың басым көпшілігінің сұрағы жол қозғалысы ережелерін бұзғаны, қозғалысты басқару, иммиграциялық заңдардың сақталуы, көлік құралдарын тіркеу, көлік жүргізуге арналған лицензияларды беру және көлік құралдарын айырбастау тәртібіне байланысты болған», - дейді министр.

Өзгелердің жаңалығы