Жолда 20 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді

8 Шілде 2020, 07:49
1295
Бөлісу:
Жолда 20 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында полицейлер 20 мыңнан астам құқық бұзушылықты тіркеді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл полицейлері 5 шілде күні түс кезінде Қожаберген жырау көшесіндегі айналма жолда екі жол бегісін зақымдаған “Kia Rio” автокөлігінің 37 жастағы жүргізушісіне қатысты үш әкімшілік хаттама толтырды. Жүргізуші көлігін тастап, оқиға орнынан кетіп қалған. Алайда бірнеше сағаттың ішінде тәртіп сақшылары оны анықтады. Ол мүліктің зақымдануына алып келген жол-көлік оқиғасын жасағаны, оқиға орнын тастап кеткені және көлікті масаң күйде басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Темір тұлпары арнайы айып тұрағына қойылған.

Абырой болғанда ешкім зардап шекпеді. Алайда көлікті масаң күйде жүргізу – жол жүрісі ережелерінің қауіпті бұзушылықтарының бірі болып табылады. Сондай-ақ жүргізушілер жол белгілері мен жол үстіндегі таңбаларды елемей жатады, жылдамдықты асырады, арақашықтықты сақтамайды. Бұдан бөлек, кейбірі қозғалыс кезінде жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының басқа да қатысушыларына басымдық бермейді, маневр жасау ережелерін және көше қиылыстарынан өтуді дұрыс орындамайды. Жыл басынан өңірде 80 жол-көлік оқиғасында 120 адам зардап шекті, олардың 12-сі көз жұмды. 74 оқиға жүргізушілердің кінәсінен болған. Жол сақшыларының жұмысы жол үстінде қайғылы оқиғаларды болдырмауға бағытталған, – дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов. 

Бұл үшін үнемі "Құқықтық тәртіп", "Қауіпсіз жол" және басқа да рейдтік, жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізіледі. Өткізілетін әр іс-шара барысында жүргізушілер, жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының басқа да қатысушыларының тарапынан жүздеген, мыңдаған бұзушылықтар анықталады. Сақшылардың айтуларынша, басты мақсат – заң бұзушыларды жауапқа тарту емес, жол қозғалысының барлық қатысушыларының жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауына қол жеткізу.

Алты айда СҚО полицейлері жол жүрісі қағитдаларының барлығы 20895 бұзушылығын тіркеді. Оның ішінде, 2718-і жаяу жүргіншілер мен жол жүрісінің басқа да қатысушыларының еншісінде. 477 жүргізуші көлікті масаң күйде тізгіндеді, 2431-і жылдамдықты асырды, 245-і жаяу жүргіншілерге жол бермеді. Мыңнан астамы көлікті басқару кезінде ұялы телефонды пайдаланса, екі мыңнан астам жүргізуші өздерінің және жолаушыларының қауіпсіздік белдігінің тағылуына немқұрайлы қараған.

Өзгелердің жаңалығы