Бас жаңалықтар
Қалалық автобуста жолаушының телефонын қолды еткен ұры ұсталды
20 Қыркүйек 2019, 10:35 302

Қалалық автобуста жолаушының телефонын қолды еткен ұры ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бойжеткен Нұр-Сұлтан қаласының полициясына ұялы телефонының ұрланғаны жөніндегі арызбен жүгінген. 

Елордалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұялы телефон қоғамдық көліктердің бірінде ұрланған. Қаскүнем бойжеткеннің күртесінен ұялы телефонын жымқырып кеткен.

Іздестіру шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері бір тәулік ішінде ұрлық жасады деген күдікпен 26 жастағы ер адамды ұстады. Белгілі болғандай күдікті – үнемі ұрлықпен айналысып, осыған ұқсас қылмысы үшін бірнеше рет сотты болған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдікті ұрлық жасағанын мойындап, телефонды өткізген жерді көрсеткен. Полицейлер жымқырылған телефонды жабық базардағы бутиктен алып, иесіне қайтарды.

аркекегукгец.jpg

"Суреттегі адамның әрекетінен зардап шеккен немесе қандай да бір ақпаратты білетін адамдар болса, Бейбітшілік көшесі, 19 мекенжайында орналасқан Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментіне хабарласуларын немесе 8 (7172) 71-61-71, 71-62-47, 71-60-10, 102 телефондары бойынша хабарлауын сұраймыз", - делінген ведомство хабарламасында.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті көпшілік орында ұрлықты болдырмау үшін құнды заттарыңызды қолжетімді жерлерде сақтамауға және қырағы болуға шақырады!



Фото: дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық