Жол жағдайы. Жүк көліктері құрылыс материалдарын шамадан тыс тасып жүр

21 Мамыр 2021, 13:15
2978
Бөлісу:
Жол жағдайы. Жүк көліктері құрылыс материалдарын шамадан тыс тасып жүр
PHOTO
Фото: автордан

Ақтау, BAQ.KZ тілшісі. «Жалпы бұл мәселе еліміздің барлық өңірлерінде кездеседі» - автожолдардың сапасын бақылаушы мамандар.

Жүк салғыш қорабына заңмен рұқсат етілген межеден бірнеше есе көп құрылыс материалын артып алған ауыр көліктерден әсіресе жаз мезгілінде жолдың асфальт жабындысы бүлінеді.

Жол жағдайы. Жүк көліктері құрылыс материалдарын шамадан тыс тасып жүр

Трассаға зияны келмес үшін машинаға тиелген жүктің салмағы 8-16 тоннадан аспауға тиіс. Алайда көліктік бақылау инспекциясымен бірлескен рейдтік шараларда жолда тоқтатылған көліктердің басым көпшілігінің артық жүк алып келе жатқаны анықталады - деді ұлттық жол сапа орталығы Маңғыстау филиалының басшысы Елтай Таялиев.

Жол жағдайы. Жүк көліктері құрылыс материалдарын шамадан тыс тасып жүр

Осындай заңсыздықтың жолын кесу үшін құзырлы органдар жүргізетін бақылау жұмыстарына қоғамда белсенді азаматтар да араласа бастады. Мәселен, «Маңғыстау - адалдық алаңы» жобалық кеңесінің мүшелері жолдың жағдайын тексеретін мамандармен үнемі байланыста.

Жол жағдайы. Жүк көліктері құрылыс материалдарын шамадан тыс тасып жүр

Рейдтік тексерулерге шыққан сәтте ауыр машиналардың 25-30, тіптен 40 тоннаға дейін артық салмақта жүк тасып жүргендерінің куәгері боламыз. Аптап жазда жол жұмсарады. Сол кезде фуралар қаптап жүрсе ертелі-кеш жолдың сау-тамтығы қалмайды. Біздің түсінгеніміз бойынша, карьерлердің құрылыс материалын босату кезінде қадалауды күшейту қажет. Былайша айтсақ, «шөміштен қысып», заңмен рұқсат етілген межеден асырып тиеген жағдайда қатаң шара қолдану керек. Көлік жүргізушілерінің қандай жазығы бар, егер қиыршық тасқа тапсырыс беріп отырған жақ бірден 40-50 тонна әкелуін талап етіп тұрса?! Қорабын мейлінше толтырмай бір емес бірнеше рейс жасап апарса, сәйкесінше алатын айлығы да көбейеді. Жолдар да бүлінбейтін болады. Сондықтан, бұл мәселені кешенді зерттеп, бір нүктесін қоятын уақыт жетті - деді «Маңғыстау - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Дайрабай Үсіпбаев.

Жол жағдайы. Жүк көліктері құрылыс материалдарын шамадан тыс тасып жүр

Аймақтық көлік инспекциясы келтірген ресми мәліметтерге сүйенсек, биылғы жылдың қаңтар-сәуір айлары көліктік бақылау инспекторларымен бірлесе жүргізілген рейд кезінде 876 жүк көлігі тоқтатылып, салмағы тексерілген.  

Заң бұзушылыққа барған жүк тасымалдаушы тұлғаларға ҚР әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 71-ші бабының 1-ші тармағы және 571-ші бабының 6-шы тармағына сәйкес 21 млн 411 мың теңге көлемінде айыппұл салынып отыр. 188 әкімшілік іс қозғалды.

Өзгелердің жаңалығы