Жеңіс Қасымбек: Полиция қызметіне жол үстіндегі бақылау жұмыстарын күшейтуді тапсырдым

21 Қазан 2019, 16:33
10422
Бөлісу:
Жеңіс Қасымбек: Полиция қызметіне жол үстіндегі бақылау жұмыстарын күшейтуді тапсырдым

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Facebook-тегі парақшасында жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілерге қатысты пікірімен бөлісті.

"Бүгін түнде мас күйде көліктің тізгініне отырған жүргізушінің кесірінен болған жол көлік оқиғасы үлкен қоғамдық пікір тудырды. Өткен аптада жол ережесін өрескел бұзған жүргізушінің кесірінен қоғамдық көлік аударылды, бұдан басқа, тас жолда болған екі жол апатынан 8 адам көз жұмды. Ең алдымен, бұл жерде адамдар мен олардың туған туыстарының тағдыры ауыр сынға тап болды", - деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Сондай-ақ, ол полиция қызметіне жол үстіндегі бақылау жұмыстарын күшейтуді тапсырғанын айтты.

"Әуесқой автомобильшілер мен жаяу жүргіншілер, бәріңізден жолда жүру этикасына көңіл бөліп, жол жүру ережелерін сақтауларыңызды сұраймын. Өздеріңіздің және туыстарыңыздың өміріне абай болыңыздар!", - деп сөзін түйіндеді облыс әкімі.

Өзгелердің жаңалығы