Жол жөндеу үшін Қытайдан 2,6 млрд доллар қарыз алдық – "ҚазАвтоЖол"

12 Қараша 2019, 16:49
2370
Бөлісу:
Жол жөндеу үшін Қытайдан 2,6 млрд доллар қарыз алдық – "ҚазАвтоЖол"

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қытайдың Эским банкінен алған кредитке келер болсақ, мерзімі 20 жыл. 5 жыл жеңілдігі бар, пайыздық мөлшерлеме 2%. Жалпы сомасы 2,6 млрд доллар. Оны мемлекет кепілдендіріп отыр. 

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" АҚ басқарма төрағасы Ұлан Әліпов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәжілісінде айтты. 

Жиын барысында спикерге журналистер тарапынан "Талдықорған-Өскемен" жолын салуға заңсыз шетелдіктерді тартқаны үшін мердігер компания жауапқа тартылды ма? Қазақстан қытай компанияларымен бірге жол жөндеуге қанша қаржы алды және оны мемлекет кепілдендіріп отыр ма?", деген сұрақ қойылған болатын.

"ҚазАвтоЖол" басшысының айтуынша, "Талдықорған-Өскемен" жолын жөндеуге 1200 адам тартылған, оның 99 ғана шетелдік.

Ол жерде заңсыз жұмыс істеген қытайлықтардың барлығы еліне қайтарылды. Осы жобада шетелдік жұмысшылар саны азайып, жұмыс тоқтап қалған жағдай да болды. Қазір жұмысты қалпына келтірдік. Өткенде бұл жоба бойынша жұмысшылар арасында кикілжің болып, 28 заң бұзған қытайдан өзге де шетелдіктер еліне кетіп қалған еді. Шетелдіктерді заңсыз тартқан компания бір жылға дейін шетелдік жұмыс күшін тарта алмайды. Осындай әкімшілік жауапкершілік бар,-деді Ұлан Әліпов журналистер сұрағына жауап беру кезінде.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "ҚазАвтоЖол" еліміздегі жол құрылысында қанша шетелдіктің жұмыс істейтінін айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы