Жол қауіпсіздігі үшін қаншама шара ұйымдастырылса да, жол апаты азаймай тұр

4 Сәуір 2019, 16:27
3110
Бөлісу:
Жол қауіпсіздігі үшін қаншама шара ұйымдастырылса да, жол апаты азаймай тұр

Талдықорған, BAQ.KZ. Алматы облысының тәртіп сақшылары брифинг өткізіп, БАҚ өкілдеріне облыстағы жол қауіпсіздігі мен көлік апаттарының алдын алуға бағытталған шаралар туралы айтты.

«Жол апаты – қазіргі уақытта үлкен мәселеге айналып отыр. Өзінің және жолаушыларының қауіпсіздігін естен шығарғу салдарынан биыл 500-ден астам көлік апаты орын алып, 100 адам қайтыс болды. 767 адам түрлі дене жарақатын алған. Бүгін біз БАҚ арқылы жүргізіушілерді жолда мұқият болуға, жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз»,- деді Алматы облысы ПД бастығынггың орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Полиция өкілінің айтуынша, тәртіп сақшылары тарапынан жол қауіпсіздігіне қатысты түрлі шаралар, акциялар мен рейдтер ұйымдастырылғанымен, апаттық жағдайлардың алдын алу мүмкін болмай отыр.

Жол апатының басты себептерін саралап, ең негізгі себептерінің бірі - жылдамдық режимін сақтамау, қозғалыстың қарсы бағытына шығу, жаяу жүргіншілердің ереже бұзуы және т.б. екені анықталды.

«Жаяу жүргіншілердің жол жүру ережесін сақтамауы – өз алдына бөлек мәселе. Биыл жаяу жүргіншілерге қатысты көлік апаты 40,7 % артып, соның салдарынан 33 адам көз жұмды. Биыл жол ережесінің талаптарын бұзған 3000 жуық жүргіншіге хаттама толтырылды»,- деп атап өтті Н. Алмасбеков.

Айта кетейік, Алматы облысы аумағында «Жол қауіпсіздігі» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, авариялардың алдын алуға бағытталған іс-шара барысында полицейлер түрлі акциялар мен кездесулер, акциялар өткізіп, патрульдеу қызметін күшейтті.

Сонымен қатар, 5-6 наурызда «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясы барысында Алматы облысының автожолдарында полицейлер жүргізушілерді қабылдап, түрлі сұрақтарына жауап береді.
Өзгелердің жаңалығы