Жол ортасындағы газ құбыры айдың соңына дейін алынады

27 Қыркүйек 2020, 14:43
2333
Бөлісу:
Жол ортасындағы газ құбыры айдың соңына дейін алынады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысының Аташ ауылында салынып жатқан көлік жолына қатысты даулы сұраққа нүкте қойылды. Көше ортасындағы газ құбыры ай соңына дейін жер астына көмілетін болды.

Түпқараған ауданына жұмыс сапарымен барған «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының» қызметкерлеріне жергілікті билік өкілдері осылай деп мәлімдеді.

Елімізде жолдардың сапасын бақылайтын мемлекеттік кәсіпорын филиалы Маңғыстау облысы әкімдігімен әріптестік келісімшартта отыр. Осыған сәйкес шалғай өңірде автомобиль жолдарына қатысты туындаған кез келген мәселеге араласуға мүдделі, - деп хабарлады орталықтың баспасөз қызметі.

ЖЕЛЫ1.jpeg

Есіңізге сала кетсек, 23 қыркүйек күні Түпқараған ауданы Аташ елді мекенінің Б.Ақсамбаев көшесіне асфальт төсеу кезінде газ құбыры жол ортасында қалып қояды. Оны көрген ауыл тұрғындары әлеуметтік желілерге жариялап, шу шығарған еді.

Мәселенің мән-жайына үңілсек, әлгі жолды жобалаған серіктестік көше бойында төмен қысымды газ құбыры тұрғанын ұмытқан. Оның орнын ауыстыру туралы ауылды газбен жабдықтаушы мекемеге техникалық талаптарды да жібермеген. Жол салып келе жатқан мердігер мекеме қызметкерлері құбырды айналып өтпей, үстінен асфальт төсеп тастайды. Сол күні құрылыс басында учаске бастығы да болмапты. Қыркүйек біткенше газ құбыры жол астына жіберілетін болды. Сосын мердігер мекеме өз қаржысына көшенің осы бөлігіне қайтадан асфальт төсейді, - деп хабарлады «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК баспасөз қызметі.
ЖЕЛЫ2.jpeg

Жол сапасын бақылаушылар Түпқараған аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің және техникалық бақылау мекемесінің қызметкерлерін өз жұмысына жауапты болуға шақырды. Таяу күндері әлгі көше жолынан сынамалар алынып, сапасы Ақтауда зертханада тексеріледі.

ЖЕЛЫ3.jpeg




 


Өзгелердің жаңалығы