Жол картасы аясында отандық кәсіпорындар 700 млрд теңге көлемінде қолдау көреді

2 Маусым 2020, 09:46
1161
Бөлісу:
Жол картасы аясында отандық кәсіпорындар 700 млрд теңге көлемінде қолдау көреді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Жол картасы аясында отандық кәсіпорындар 700 млрд теңге көлемінде қолдау көреді. 23 мыңнан астам орта және шағын бизнес тапсырыс алып, кем дегенде мыңдаған жұмыс орындарын сақтап қалады. 

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов бүгінгі Үкімет отырсында айтты.

Министр жиын барысында Жол картасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндады. Оның айтуынша, болашақта халықтың игілігіне тиетін, өңірлерге әлеуметтік актив болып қалатын 615 жаңа нысанның құрылысы іске асады және ол халықтың өсім сапасына қатысты көптеген әлеуметтік мәселенің шешіміне әкеледі. 

Сондай-ақ Жол картасының жобалары алдағы уақытта межелі салаларда 100 мыңнан астам тұрақты жаңа жұмыс орындарын құруға негіз қалайды. 

Басқа мемлекеттік бағдарламалар аясында бүгінде 93 400 жаңа жаңа жұмыс орны қосымша құрылды. Негізгі үлесі "Нұрлы жер", құрылыс, "Бизнестің жол картасы", Агроөнеркәсіп кешенін дамыту, Цифрлы Қазақстан бағдарламаларының еншісінде,-деді министр. 
Құрылған жұмыс орындарының басым көпшілігі құрылыс, сауда және ауыл шаруашылығы салаларына тиесілі екен. Жыл аяғына дейін көрсетілген бағдарламалар бойынша барлығы 364 мың жұмыс орыны құрылмақшы. Бұл тұрғыда аталған бағдарламаларға басшылық ететін орталық мемлекеттік органдар жұмыспен қамту мәселесіне басымдық беруі өте маңызды. 

"Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына соңғы қаржыландыруды ескерсек барлығы 176 млрд теңге қарастырылған. 28 мамырдағы жағдай бойынша 225 мың адам бағдарламаға қатысушы ретінде тіркелді. Жергілікті жұмыспен қамту орталықтары бағдарлама аясында 184 мың адамды жұмысқа орналастырды, оның ішінде 54% немесе 99 мың тұрақты жұмыс орындары. 6 мыңнан астам адамға кәсіпкерлікпен айналысуға шағын несиелер мен гранттар берілді. 52 мыңнан астам жастар кәсіптік оқуларын жалғастыруда. Қосымша электрондық еңбек биржасы арқылы 97 мың адам уақытша жұмысқа ие болды, 46 мыңы тұрақты жұмыстарға орналасты,-деді Біржан Нұрымбетов. 
Осы жылы бағдарламаның барлық құралдары арқылы 600 мың адамды жұмыспен қамту шараларына тарту жоспарланған.
Өзгелердің жаңалығы