Бас жаңалықтар
"Жұмыспен қамту жол картасы" аясында 18 жоба іске асырылады
01 Шілде 2020, 21:01 172

"Жұмыспен қамту жол картасы" аясында 18 жоба іске асырылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Сырдария ауданында "Жұмыспен қамту жол картасы" мемлекеттік бағдарламасы аясында 18 жоба іске асады. 

Атап айтқанда, әлеуметтік-мәдени, білім,денсаулық, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инженерлік-көліктік инфрақұрылым объектілері жаңғыртылады. Аталған жобаларды жүзеге асыру үшін 1 860 322,5 мың теңге бөлінген.

Әлеуметтік-мәдени саладағы жобаларға 316 439,9 мың теңге қаржы қарастырылса, білім саласы жобаларына 145 480,0 мың теңге бөлінді. Мәселен, Қалжан ахун ауылындағы №126 орта мектептің су құбыры мен канализацияның ішкі және сыртқы желілері ауыстырылып,Бесарық ауылындағы №147 орта мектебінің ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілуде.

Денсаулық сақтау саласы бойынша жоспарланған жобалардың жалпы құны 147 151,0 мың теңге құрайды. Биыл Тереңөзек кентіндегі аудандық орталық ауруханасының ішкі жылыту мен су құбыры, сыртқы сумен жабдықтау желілері жаңғыртылады деп жоспарлануда.

Жалпы, аудан бойынша 427 тұрғын жұмыспен қамтылады деп күтілуде, оның ішінде 215 азамат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы қабылдануда.


Фото: дереккөз
Загрузка...