Жол апатынан полиция қызметкерлері қаза тапты

15 Қазан 2020, 11:43
1743
Бөлісу:
Жол апатынан полиция қызметкерлері қаза тапты
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайғылы оқиға 15 қазанда Щучье қаласында Абылай хан мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында болған.

Lexus NX 200 автокөлігінің жүргізушісі Абылай хан көшесімен жүріп келе жатып, жергілікті полиция қызметкерлерінің көлігімен (Lada 21214) соқтығысқан. 

Lada 21214 көлігінде болған жүргізуші мен қасындағы адам Бурабай аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметкерлері болған. Олар алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапқан. 

Полицияның мәліметінше, жол апатына кінәлі адам бірнеше рет сотталған және көлік жүргізу құқығынан айырылған 25 жастағы Щучинск қаласының тұрғыны болып шықты.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.



Өзгелердің жаңалығы