Жол құрылысындағы мердігер компания жұмысшыларының 10% ғана шетелдіктер – "ҚазАвтоЖол"

12 Қараша 2019, 16:29
2161
Бөлісу:
Жол құрылысындағы мердігер компания жұмысшыларының 10% ғана шетелдіктер – "ҚазАвтоЖол"

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Келісімшартқа сәйкес мердігер компанияларда 10 пайыз ғана шетелдік азматтар жұмыс істеп жатыр, қалғанының барлығы Қазақстан азаматтары. Елімізде жұмыс істеп жатқан шетелдік компаниялардың барлығында осы қағида сақталған. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" АҚ басқарма төрағасы Ұлан Әліпов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәжілісінде айтты.

Оның айтуынша, "ҚазАвтоЖол" АҚ шетелдік мердігер компаниялардың қатысуымен бір қатар жобаларды жүргізіп жатыр.
Қазір Елбасы мен Қытай басшысы Цзипиннің "Бір белдеу – бір жол" бастамасы мен "Нұрлы жол" бағдарламасы екеуін біріктіріп, "Жібек жолының экономикалық белдеуі" деген тұтас үлкен бағдарлама қабылданған болатын. Бұл бағдарламаға Ресей Федерациясы, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан сияқты көршілес мемлекеттердің бәрі кірген. Осы бағдарлама бойынша қазір Қазақстан аумағында ҚХР-ның экспорттық, импорттық банкі тарапынан жалпы ұзындығы 1841 шақырымды жол қайта жаңартудан өтіп жатыр. Бұл жерде басты мәселе жеңілдетілген заем болғандықтан онда Қытайдың компанияларының қатысуы міндетті. Мұнда біз Қытай мен Қазақстан компанияларынан 50-50 консорциум құрылып, қазір жұмыс істеп жатыр, - дейді Ұлан Әліпов.

Сондай-ақ ол, қазір 5 жоба Қытай елінің қаржысымен қаржыландырылып отырғанын жеткізді.
Ол 763 шақырымды құрайтын "Талдықорған-Өскемен" жолы, "Қалбатау-Майқапшағай" (415 км), "Қарағанды-Балқаш" (363 км), "Мерке-Бұрылбайтай" (266 км) және Нұр-Сұлтан қаласының оңтүстік айналма жолы. Осы жобаларда бірікен консорциумдар жұмыс істеп жатыр, - деді ол.
Сөз арасында ол жол жөндеу жұмыстарына Азия даму банкі және Еуропа қайта құру банктерінен инвестиция тартылғанын айтты.
Бұл жобаларда да шетелдік компаниялардың жұмыстары бар. Ол енді басталғалы жатқан 67 шақырымдық "Күрті-Қапшағай" жобасы және тағы біәрнеше жоба, - деді "ҚазАвтоЖол АҚ басқарма төрағасы.



Өзгелердің жаңалығы