Жоғары білімі жоқ қазақстандықтар ауыл әкімдерінің сайлауына қатыса алады

16 Қараша 2021, 17:21
563
Бөлісу:
Жоғары білімі жоқ қазақстандықтар ауыл әкімдерінің сайлауына қатыса алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысында айтты.

Ауыл әкімдерінің сайлауына орта білімі бар қазақстандықтар қатыса алады. Мұндай жаңашылдық жергілікті деңгейдегі сайлаудың нақтылығын нығайтады деп ойлаймын. Ауылдарда халықтың сеніміне ие болған, бірақ сонымен қатар білім деңгейінен өтпей жүрген білікті де тәжірибелі белсенді азаматтар көп, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның айтуынша, әкімге кандидаттар, әсіресе өзін-өзі ұсынған кандидаттар үшін үгіт-насихат мерзімін ұзарту да маңызды. Тоқаев осы орайда оның мерзімін реттеу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

Сонымен қатар сайлау науқанын қаржыландыруда сараланған тәсілді қолдану ұсынылады. Солтүстік облыстардағы халқы аз ауылдарда қазіргі қаржы үгіт-насихат жұмыстарына кететін шығынды өтеуге жеткілікті болса, халық тығыздығы жоғары оңтүстікте бұл жеткіліксіз екені анық. Бұл ұсыныстар ауыл әкімдерін сайлау тетіктерін жетілдіруге бағытталған деп есептеймін. Сондықтан оларды жан-жақты зерттеу керек. Президент Әкімшілігіне маған нақты ұсыныстар дайындап, енгізуді тапсырамын, - деп қосты Мемлекет басшысы.


Өзгелердің жаңалығы