Жоғарғы Сот соңғы үш жылда не істеді?

5 Қараша 2021, 15:04
1121
Бөлісу:
Жоғарғы Сот соңғы үш жылда не істеді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Жоғарғы Соттың ресми өкілі Айдос Сәдуақасов хабарлады. Оның айтуынша, қоғам сенімін арттыру – сот жүйесінің алдында тұрған ең басты міндеттердің бірі.

Сот реформасы – бұл бір күндік процесс емес. Азаматтардың сенімін арттыру мақсатында Жоғарғы Сот соңғы үш жылда не істеді және қазір қандай шараларды қолға алуда? 2018 жылдан бастап сот жүйесіне жобалық менеджмент элементтерін енгіздік. Ең алдымен, сотты ұйым ретінде қарастырдық, - деп атап өтті Айдос Сәдуақасов.

Оның айтуынша, кез келген ұйым секілді Жоғарғы Сотта да 3 кезең бар.

Олардың бастапқысы – кіріс, яғни сотқа түсетін істер. Екіншісі – процесс – сот ісін жүргізу кезеңі. Соңғысы – шығыс – бұл қорытынды сот актілері. Сарапшылармен бірлесіп, осы үш кезең бойынша жан-жақты, егжей-тегжейлі талдау жүргіздік. 30-дан астам заң қабылданды, судьяларды іріктеу жүйесі күшейтілді, соттардың материалдық-техникалық базасы нығайды, - деді Жоғарғы Соттың ресми өкілі.

Еске сала кетейік, бұған дейін елімізде 39 шенеунікке ақшалай өндіріп алу шарасы қолданылғаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы