Жоғарғы сот кеңесі бос лауазымдарға конкурс жариялады

2 Тамыз 2021, 17:54
2214
Бөлісу:
Жоғарғы сот кеңесі бос лауазымдарға конкурс жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нақты лауазымдар және кандидаттарға қойылатын талаптар туралы толық ақпарат Жоғары сот кеңесінің сайтында (vss.gov.kz) орналасқан.

Ағымдағы жылдың 21 шілдесінде Жоғары сот кеңесі 282 судьяның бос лауазымдарына орналасу үшін конкурс жариялады.

Оның ішінде:

облыстық соттың сот алқасы төрағасының бос орны – 6;

облыстық және оған теңестiрiлген соттар судьяларының бос орындары – 18;

аудандық және оған теңестiрiлген соттардың төрағаларының бос орындары – 82;

аудандық және оларға теңестiрiлген соттар судьяларының бос орындары – 176.

Өзгелердің жаңалығы