Әлеуметтік жобаларға компаниялар қолдау көрсете бастады

21 Ақпан 2020, 18:31
3159
Бөлісу:
Әлеуметтік жобаларға компаниялар қолдау көрсете бастады
PHOTO
Фото: автордан

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырауда әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі өтті. Оған аймақтағы Қатысушылардың бірі - "Zlataru" әлеуметтік шеберханасы. 

2019 жылдың желтоқсан айынан бастап іске асырылып келе жатқан жобаның бүгінде жеткен жетістігі аз емес екен. Қолдан жасалған бұйымдарды жәрмеңкеде сатып, одан түскен қаражатты ерекше балаларға арналған қорға аударып тұрады.

Әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі 3.jpg

Біздің шеберханамызда ақыл есінде ақауы бар, яғни ерекше балаларды қолөнерге бейімдейміз. Бүгін де сол баларыммен бірге жасаған бұйымдарымды әкеліп тұрмын. Түрлі бұйым жасауға арналған арнайы материалдар мен құрылғылар алуға қаражат сұраған болатынбыз. Себебі, біз шеберханада бисерден түрлі сөмкелер мен ұлттық нақыштағы қапшықтар жасаймыз. Одан бөлек таза табиғи тастарды да пайдаланамыз. Оған да қосымша қаражат керек. Қыштан да дүниелер жасауды жоспарлап отырмыз. Ең бастысы, ерекше балаларға өздерін жан-жақты дамытуға мүмкіндік сыйлағымыз келеді. Егер бүгінгі жәрмеңкеге қатысып жатқан компаниялар бізге көмек берсе, осы керек-жарақтарымызды аламыз,-дейді әлеуметтік шеберхананың жетекшісі Нина Петрова

Әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі 4.jpg

14 ұйым қатысқан шараны Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен Атырау облысы ішкі саясат басқармасына қарасты азаматтық орталық бірігіп ұйымдастырған. Айтуларынша, жәрмеңке мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектерге нақты көмек көрсетуге үлкен мүмкіндік береді.

Әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі 5.jpg

Жәрмеңкені ұйымдастырудағы негізгі мақсатымыз  бизнес өкілдері мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы байланысты нығайту, оларға  қолдау жасау. Орталық алдағы уақытта мұндай жәрмеңкелерді жиі-жиі ұйымдастыруды жоспарлап отыр,-дейді  Атырау облыстық ІСБ "Азаматтық орталығы" КММ директоры Әйгерім Досқалиева.

Әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі.jpg
Әлеуметтік жобалармен танысуға әрі қолдау көрсетуге 40-қа жуық компания өкілі келді. Олардың екеуі ғана екі жобаға жалпы 4 млн. теңгеден астам қаржы бөлуге уәде еткен.



Өзгелердің жаңалығы