Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес айлығы өз мәресіне жетті

5 Желтоқсан 2019, 18:45
5328
Бөлісу:
Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес айлығы өз мәресіне жетті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін шараның биылғы тақырыбы "Қоғамдастықтың шешуші рөлі" деп аталды.

Айлық барысында Нұр-Сұлтан қаласының барлық тұрғыны мен қонағы тегін және анонимді түрде экспресс-тестілеуден өтіп, аз ғана уақыттың ішінде өз мәртебелерін білу мүмкіндігіне ие болды.

Науқан барысында барлығы 116 іс-шара өткізіліп, 5 мыңнан астам адам қамтылды. Оның ішінде 1 мыңнан астамы АИТВ-ға экспресс-тестілеуден өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты - АИТВ жұқпасының алдын алудың маңызы туралы тұрғындардың есіне салу, жұқпамен өмір сүретін адамдардың құқықтарының қорғалуына қоғам назарын аудару.

F76CDE84-E7DD-46C0-A68F-4FE131727979.jpeg

Нұр-Сұлтан қаласының ЖИТС орталығы директорының айтуы бойынша, 2018 жылдан бастап қалалық ЖИТС орталығы АИТВ инфекциясының таралуына тұрақты ұлттық жауап беру мақсатында халықтың негізгі топтарының және АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың алдын алу, күту және қолдау жөніндегі қызметтерге қол жеткізуін кеңейту жолымен 2018-2020 жылдарға арналған АИТВ компоненті бойынша Жаһандық қордың грантын алды. 

Грант шеңберінде біз алдын алу қызметтерін, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға күтім мен қолдау көрсететін 4 үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтасамыз. Жобаны іске асыру кезінде үкіметтік емес ұйымдары арқылы халықтың негізгі топтары арасында осы қызметтердің қажеттілігін куәландыратын оң нәтижелерге қол жеткізілді. Бұл жұмыс алдағы уақытта да өз тиімділігін көрсететініне сенімдіміз, - деді С.Б Абдраимов. 

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында 1997 жылдан бастап 1653 АИТВ-инфекциясы тіркелді, оның ішінде осы жылдың 9 айында 155 жағдай тіркелген.

Өзгелердің жаңалығы