Жириновский Ленин мумиясын сату туралы ұсыныс айтты

22 Мамыр 2020, 19:05
2051
Бөлісу:
Жириновский Ленин мумиясын сату туралы ұсыныс айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейлік саясаткер Владимир Жириновский өзінің twitter-парақшасында Ленин мумиясын сату туралы ұсыныс айтты.  
Францияда бір кәсіпкер "Джаконданың" суретін сатпақ. Біз де Лениннің мумиясын сатсақ болады. Сатып алушылар міндетті түрде табылады. Қытай, Вьетнам елдері немесе бір коммунист сатып алуы мүмкін. Ленин жақсы сақталған. Оған осыдан 96 жыл бұрын ғана мумия жасалды, – деп жазды В. Жириновский.  
Еске сала кетейік, 1924 жылы Владимир Ленин қайтыс болғанда оны мәйіті бальзамдалып, Қызыл алаңдағы мавзолейге қойылған. Мәйіт әлі күнге дейін сол жерде сақтаулы.  Кеңес-Герман соғысы кезінде Мәскеуге қауіп төнген сәтте уақытша Түменге көшіріліп, 1945 жылы Мәскеуге қайта әкелінген.
Өзгелердің жаңалығы