Дәрігерлер мойны үзіліп кеткен жігітті аяғына тұрғызды

9 Қазан 2019, 16:36
3658
Бөлісу:
Дәрігерлер мойны үзіліп кеткен жігітті аяғына тұрғызды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жол-көлік апатына ұшыраған азаматқа, қаладағы №4 қалалық клиникалық аураханасының дәрігерлері шұғыл ота жасап үлгерген, деп хабарланды Almaty.tv сайтында.

Мойын омырытқасы шығып, одан бөлек көптеген жарақат алған науқастың мүгедек болып қалмауы үшін нейрохирургтар 2 сағаттық операция жасады. Өмірін арашалап қалған Жасұланның ақ халаттыларға алғыстан басқа айтары жоқ.

«Қазір тұрып, тамақ ішіп, далаға шыға аламын. Жақсымын, шүкір. Аяқ-қолымды игере аламын. Ұйқым тыныш», – деді Жасұлан Жарылқасын.

Жасұланға жасалған ота негізінен күрделі боп есептелінеді. Нейрохирургтар шығып кеткен мойын омыртқасына жасанды бұрама мен диск қойған екен. Таң қаларлығы, операциядан соң, 3 күннен кейін науқас аяғына тік тұра алғандығында. Дәрігерлер  мұндай жағдай көп бола бермейтінідігін жасырмады.

«Науқасты каталкамен әкелді. Қол-аяғы істеп тұрған жоқ еді түскен кезде. Жедел түрде зерттеулер жасалып, отаға жіберілді. Екі сағаттың ішінде операция жасалып шықты. Қазір жағдайы тәуір», – деді Алматыдағы № 4 қалалық клиникалық ауруханасы бөлімінің нейрохирург-дәрігері Тимур Айтмұқанов.


Өзгелердің жаңалығы