Шара Жиенқұлова атында қазақ биінен байқау өтеді

19 Наурыз 2019, 11:35
7794
Бөлісу:
Шара Жиенқұлова атында қазақ биінен байқау өтеді

Астана, BAQ.KZ. 27-29 наурыз аралығында «Астана Балет» театрында Шара Жиенқұлова атындағы V Республикалық қазақ биі байқауы өтеді.

Дәстүрлі байқау қазақ эстрадалық және халықтық би саласындағы талантты бишілерді, балетмейстерлер мен педагогтарды анықтау мақсатында ұйымдастырылады.

V мерейтойлық байқауға Қазақстанның әр аймағынан 150-ден астам биші қатысады. Осы жылы байқау кәсіби ұжымдар, жоғары оқу орындарының хореография факультеттері мен кафедраларының ансамбльдері арасында өтеді.

Байқау бағдарламасы аймақтық ансамбльдердің репертуарымен, хореографтардың жаңа ізденістерімен танысуға, жарқын орындаушыларды анықтауға, қатысушыларға қазақ биі саласындағы шығармашылық жетістіктерімен, кәсіби тәжірибелерімен және білімдерімен өзара алмасуға мүмкіндік береді.

Үш күнге созылатын байқауда қатысушылар үшін қазақ биінің жетекші педагогтарының шеберлік сыныптары, «Қазақ биі» деректі фильмі, Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі, профессор Тойған Ізімнің жеке коллекциясынан сахналық костюмдер көрмесі және Қазақ ұлттық хореография академиясының Қазақ биі зертханасының тұсаукесері өтеді.

Жеңімпаздар 29 наурыз күні «Астана Балет» театрында өтетін гала-концертте жарияланады.

Өзгелердің жаңалығы