Бас жаңалықтар
Жезқазғанда 30 отбасы баспаналы болды
20 Наурыз 2019, 20:28 810

Жезқазғанда 30 отбасы баспаналы болды

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында Жезқазғанда жаңа үй пайдаланылуға берілді. 30 отбасыға су жаңа пәтерлердің кілттері табысталып, қоныс тойы тойлануда. Пәтерлер «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» жеңілдетілген бағдарламасына қатысушыларға берілді.

Үстіміздегі жылы «7-20-25» бағдарламасы бойынша Қарағанды, Жезқазған және Сәтпаев қалаларында 1052 пәтер салынады. Сонымен қатар, аталмыш бағдарлама бойынша бюджеттік сала қызметкерлеріне тұрғын үй сертификаттары берілмек. Бұл үшін облыстық бюджеттен бір миллиард теңге қарастырылған. Жезқазғанда тұрғын үй құрылысын жалғастыру жоспарлануда. Мысты қалада биыл республикалық бюджет есебінен 60 пәтерлі тұрғын үй салу көзделіп отыр. Сондай-ақ, жеке инвестициялар есебінен салынған 90 пәтерді пайдалануға беру жоспарлануда. Облыс әкімдігінің мәліметінше, 2020 жылға қарай Жезқазғанның 226 отбасы қоныс тойын тойлайды.

Жалпы облыста биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 420 мың шаршы метрді құрайтын 4 300 пәтер салу жоспарланған.

«Республикалық бюджет есебінен көпбалалы және аз қамтылған отбасылар үшін аймақта бірнеше үй бой көтереді. Жезқазған, Сәтбаев, Қарқаралы, Абай қалалары мен Осакаров, Жаңарқа, Бұқар жырау аудандарына жалпы саны 372 пәтер салынады. Сонымен қатар, жалға берілетін үйлер де пайдалылуға беріледі. Алдымыздағы жылы өңірде жалға берілетін 400-ден астам пәтер салу көзделуде. Олар Теміртау, Саран, Приозерск қалалары мен Бұқар Жырау, Ақтоғай, Шет аудандарында салынады», - дейді Қарағанды облысы Құрылыс басқармасының басшысы Тайхан Қалмаханов.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық