Жезкенттің жолын жөндеуге бір миллиард теңге бөлінеді

11 Қаңтар 2019, 20:21
1752
Бөлісу:
Жезкенттің жолын жөндеуге бір миллиард теңге бөлінеді

Астана, baq.kz. Биыл Бородулиха ауданындағы Жезкент кентінде айтарлықтай оң өзгерістер орын алмақ. Кент тұрғындарының ұзақ жылғы бас ауруына айналған, аудан орталығымен байланыстыратын жол күрделі жөнделіп, кент толықтай абаттандырылады. Осындағы аурухана да талапқа сай жабдықталып, хоккей клубы да құрылмақ. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.

Облыс басшысымен кездесуде жезкенттіктер облыс әкіміне көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды. Сауалдар Бородулиха – Жезкент жолын жөндеуге, аурухана ішінен перзентхана бөлімшесін ашуға, хоккей клубын құруға, биыл кенттің 45 жылдық мерейтойын атап өтуге қатысты болды.

«Биыл аудан орталығымен байланыстыратын 50 шақырымдық жолды жөндеуге және кентті абаттандыруға облыс бюджетінен бір миллиард теңге бөлінеді. Оның үстіне Жезкент төртінші деңгейлі бюджетке кіріп отыр. Перзентхана ашу үшін Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен арнайы стандарт бар, соның талаптарынан шығу қажет. Меніңше, сапалы жол болғанда, ауданға жету онша қиын бола қоймас. Хоккей клубын ашуға еш кедергі жоқ, тек онда балалар жеткілікті болу керек, Сіздер айтқан 25 емес, керісінше 125 бала болу қажет. Оны ашамыз. Ал қалған мәселелердің барлығын да ауданның жаңа әкімімен бірлесіп шешетін боласыздар», - деді кездесу барысында облыс әкімі Даниал Ахметов.

Өзгелердің жаңалығы