Жезқазғанда 200 төсектік модульді аурухана пайдалануға берілді

31 Қазан 2020, 00:37
1133
Бөлісу:
Жезқазғанда 200 төсектік модульді аурухана пайдалануға берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жезқазғанда екі ай ішінде 200 төсектік модульді госпиталь салынды. Бұл туралы Жезқазған қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Аурухана инфекциялық бақылаудың барлық стандартына сәйкес келеді.

Ол диагностика және емдеу үшін заманауи медициналық жабдықтармен: компьютерлік томографиямен, сандық рентген аппаратымен, медициналық газдар жүйесімен, УДЗ, ЭКГ, ӨЖЖ және басқалармен жабдықталды.

Медициналық мекемеде қауіпсіздік деңгейі жоғары ақылды желдету жүйесі орнатылған. Палаталарда әр төсекте пост медбикесін шақыру түймесі бар. Оқшауланған бокстарға арнайы чиптер арқылы ғана кіруге болады. Сондай-ақ, 20 реанимациялық төсек қарастырылған.

Ең бастысы, мекеме өңірдегі медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді, - деп атап өтті Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Әбсаттаров.

Госпитальда Нұр-Сұлтан, Қарағанды және Тараз қалаларының білікті дәрігерлері дайындық жұмыстарын бастады.

 


Өзгелердің жаңалығы