Жезқазған мен Сәтбаев тұрғындары сапалы ауызсумен қамтылады

22 Шілде 2021, 19:03
1889
Бөлісу:
Жезқазған мен Сәтбаев тұрғындары сапалы ауызсумен қамтылады

Қарағанды облысы, BAQ.KZ тілшісі. Аймақтағы ауызсу мәселесін қалыпқа келтіру бағытында кешенді шаралар атқарылуда. Халыққа сапалы ауызсу жеткізу бойынша ауқымды жоба аяқталуға жақын. 

Бұл жайында облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Ұлантай Үсенов айтты.

Жезқазған мен Сәтбаев қалаларының тұрғындарына берілетін ауызсудың сапасы келер жылы жақсаратын болады. Қалаішілік су құбырларын жаңарту бойынша бірнеше жылға созылған жоба бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

2017 жылдан бері қалаішілік су құбырлары жүйесін кешенді алмастыру шаралары жүргізіліп келеді. Жобаның жалпы құны 7,7 млрд теңге көлемінде болған еді. Сондықтан да жоба үш кезеңге бөлінген. 2018 жылы аталған құрылыс жұмыстарының бірінші кезеңі жүзеге асырылды. 2019 жылдан бері үшінші кезең бойынша жаңарту жұмыстары жасалуда. Бұл екі кезең бойынша жобаның құны 3,9 млрд теңге. Мердігер кестеге сай жұмыс істеуде. Ал екінші кезең бойынша өзгертулер жасалды. Жоба құны 8,5 млрд теңге. Жоба Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі арқылы 2022 жылдан бастап қаржыландырылатын болады, - дейді облыстық облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Ұлантай Үсенов.

Басқарма басшысының сөзінше, жоба аяқталғанда 224,8 шақырым су құбырлары жүйесі жаңарады. Сондай-ақ Эскулин су таратқышын салу және қайта жаңғырту жобалары бойынша жұмыстар биыл аяқталады. Аталған жобалар Жезқазған мен Сәтбаев қалаларының халқын сапалы ауызсумен қамтамасыз етеді.

Су желілері арқылы сапалы ауызсуды жеткізу үшін су дайындау саласы да тиісті деңгейде болуы қажет. Басқаша айтқанда ауызсу тазартатын нысандардың жұмысы да сапалы болу керек, - дейді басқарма басшысы.

Өзгелердің жаңалығы