Бас жаңалықтар
 Жезқазғанда жаңа мектеп құрылысы басталды
04 Маусым 2019, 18:54 337

Жезқазғанда жаңа мектеп құрылысы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жезқазғанда 900 орынға шақталған жаңа жалпы білім беретін орта мектеп мектептің құрылысы басталды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Қазіргі таңда іргетасын салу, бағаналарды, плиталар мен панельдер орнату бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде.

Жобаның құны 1,7 млрд теңгені құрайды. Бұл соманың басым бөлігі осы жылы бөлінген. Жобаның авторы – «Шебер» ЖШС. Мердігер – жергілікті нарықта белгілі «Аспап» өндірістік кооперативі. Аталмыш кәсіпорын облыстағы бірнеше қалалар мен аудандарда мектептер мен әлеуметтік нысандар салған.

Құрылысты 2020 жылдың қыркүйегіне дейін аяқтау жоспарлануда. Жұмыс сапасы тұрақты түрде қадағаланатын болады. Құрылыс алаңында авторлық және техникалық қадағалау да жүзеге асырылады.

Жаңа мектепте инклюзивті оқыту қарастырылған. Ол тек Жезқазғанның оқушыларын ғана емес, сонымен қатар Ұлытау ауданының балаларын да қабылдайды. Қазіргі заманғы оқу ордасының ашылуы балаларға сапалы білімге қол жеткізуге мүмкіндік тудырады.


Фото: дереккөз

Сізден жаңалық