Жезқазғанда ішек инфекциясынан 8 жасар қыз көз жұмды

5 Желтоқсан 2019, 17:28
8251
Бөлісу:
Жезқазғанда ішек инфекциясынан 8 жасар қыз көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жезқазғанда ішек инфекциясымен ауруханаға түскен 8 жасар қыз көз жұмды. Бұл туралы Today.kz хабарлады.

Қыздың анасының айтуы бойынша, ол самса жегеннен кейін өзін нашар сезінген. 

Қыз баланы жедел жәрдеммен сағат 00:30-да ауруханаға алып келген. Оны тамақтан уланды деп бірден реанимация бөліміне жатқызылып, ішек инфекциясы деген диагноз қойылған.

Сағат 8:00-де барлық көрсетілген кешенді емдік шараларға қарамастан, қыз бала көз жұмды.

Қыз баланың жүрегі неліктен кенеттен тоқтап қалғаны жүргізілген сараптамалардың нәтижесінде белгілі болады. Қыз баланың денесі сот сараптамасы орталығына жіберілген.



Өзгелердің жаңалығы