Бас жаңалықтар
Жетпістегі қария 70 сотталушыны жұмыспен қамтып отыр
PHOTO
02 Қазан 2019, 10:03 9282

Жетпістегі қария 70 сотталушыны жұмыспен қамтып отыр

Тараз, BAQ.KZ тілшісі. 70 жастағы қария Ермекбай Салімбаев Тараз қаласындағы ЖД 158/4 мекемесінде жазасын өтеп жатқан 70 сотталушыны жұмыспен қамтып, аталық қамқорлығын көрсетіп отыр.

Ұзақ жылдар бойы ауыл шаруашылығы саласында лауазымды қызметтер атқарып, зейнетке шыққан ақсақал ұлы Сейілханмен бірлесіп, «Сема и Ко» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін ашқан.

«Барлығын ұлым үшін жасап жүрмін. Жалғызым жастықпен орны толмас қателік жасап, абақтыға түсіп қалды. Қамақта қарап жатпай бір іспен айналысқысы келетінін айтқанда, қуана құптадым. Жұмыс адамды ширатады ғой, іскерлік қырын ашады. Осыны ойлап, жаңа кәсіпті бастап кеттік. Мұндағылар баламды «Сема» деп атайды екен. Сондықтан ЖШС атауын «Сема и Ко» деп атадық. Қазіргі таңда жұмысымыз жаман емес. Түзеу мекемесіндегі шаруаларды ұлым Сейілхан жүргізіп жатыр, мен сырттағы істермен айналысамын», - дейді ол.

Әкелі-балалы қазір ұлттық нақыштағы ағаш-астау, аяқ-табақ, шахмат пен нарды тақталарын, сандық пен домбыра, басқа да бұйымдар жасап шығаруда. 

2P8A5179.jpg

2P8A5160.jpg

2P8A5163.jpg

Одан бөлек, автослесорлар бригадасы мен пескокірпіш құю цехы тоқтаусыз жұмыс істеп тұр.

2P8A5135.jpg

Ермекбай қарияның айтуынша, өндірістегі жұмыстар қызметкерлердің сүйікті ісіне айналып үлгерген. Олардың ұлттық нақышта жасаған кәдесыйларды көпшілікті де, туған-туыстарын да қуантуда. Ұлының қапастан шығар жол іздеп, еңбек еткеніне қуанған әке оның іскерлігін медет тұтады.

2P8A5168.jpg

Ал Сейілханның темір тордың арғы жағында отырғанына 10 жылдың жүзі болып қалыпты. Темір құрсаумен тұмшаланған аумақтың аурасы бөлек. Еңсені басып, кеуде тұсыңнан бір қыжыл түртпектейді. Қазіргі кезде мұнда 740 шақты адам жазасын өтеуде.  

2P8A5174.jpg

Түзеу мекемесі жанында №15 кәсіби-техникалық колледжі бар. Онда жазасын өтеушілер тігінші, аспазшы, кран жүргізушісі, электромеханик, ағаш ұстасы, темір өңдеу және слесарь-сантехник сынды 7 мамандық бойынша білім алады. Одан әрі асхана, дүкен  мен жатақхана орналасқан. Бұлардан өзге тағы бір ғимарат – «Сема и Ко» ЖШС.

Бірінші көзімізге түскені автобусты серіктестік жетекшісі Сейілхан жақында кіргенін айтты.

2P8A5127.jpg

«Бір апта бұрын тараздық кәсіпкердің 1 автобусын жөндеп бергенбіз. Бұл – автослесорлар жөндеп жатқан екінші көлік. Бұлар алдағы уақытта қалада жолаушылар тасымалдайтын болады», - дейді ол.

2P8A5154.jpg

2P8A5133.jpg

Одан әріде ондаған жазасын өтеуші жүк көлігіне пескокірпіш тиеп жатыр. Олар күніне 1000 дана пескоблок құяды екен. 85 теңгеден сатылған кірпіштің 10 теңгесі жұмысшыға беріледі.

2P8A5139.jpg

Жазасын өтеуші Жандарбек Жақан ағаш ұстаханасында жұмыс істейді. Ағаш тіледі, түрлі заттар жасап, ою ояды. Өзін Тұйғын деп таныстырған жігіт ұлттық аспап шебері болып шықты. Ол бір домбыраны бір аптада жасап шығады екен. Асан деген жігіт киім пішіп-тіккенде алдына жан салмайтын көрінеді. Бүгінде арнайы мекемелердің тапсырысымен киім тігеді.

«Мен мұнда түскенде тігін тікпек тұрмақ, қолыма ине-жіп ұстай алмайтынмын. Бүгінде тігінді кәсіп етіп отырмын», - деді ол. 

Әкелі-балалы кәсіпкер түрлі қоғамдық іс-шараларға қатысып, демеушілік те көрсетіп жүр.

«Өткен жылы Сарымолдаев атындағы балалар үйіне қолымыздан шыққан 10 домбыраны сыйға тарттық. Наурыз мерекесі қарсаңында «Үміт» мамандандырылған бөбектер үйінің тәрбиеленушілеріне ұлттық үлгідегі 20 киім сыйладық. Сонымен қатар, №1 атаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығының қызмет алушыларының істен шыққан мүгедек арбаларын жөндеп бергеніміз бар. Сондай-ақ, қол ағаштан жасалған бұйымдар – астаулар, шахмат ойынына арналған тақталар, балдақтар сыйладық», - деген Ермекбай қария қаладағы қарттар үйіне де қарайласып тұратындарын жасырмады.

Фото: автордан
Загрузка...