Жетістіктерге тоқмейілсіп, тоқтап қалмаймыз – Тоқаев

16 Қараша 2021, 15:44
896
Бөлісу:
Жетістіктерге тоқмейілсіп, тоқтап қалмаймыз – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысында айтты.

Бүгінгі отырыс әдеттегідей жемісті өтіп жатыр. Бірқатар ұсыныстар айтылды, оларды мұқият зерттеп, тиісті болса, қажетті шешім қабылдаймыз. Еліміз бір айдан кейін Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтеді. Бұл - бүкіл халық үшін мәні бар мерейлі белес. Сонымен қатар мемлекетіміздің даму жолындағы маңызды меже. Осыған орай қоғамдық маңызы бар нақты жұмыс атқарылып жатыр. Мен бұған ерекше көңіл бөліп отырмын, - деді Тоқаев.

Президент атағандай, жалпы 30 жыл бойы кезең-кезеңмен жүзеге асырылған реформалар өмірімізді түбегейлі өзгерткенін айтты.

Бұл бағдарымыздың дұрыс екенін көрсетті. Бұл тарихи белеске мықты мемлекет, біртұтас ұлт ретінде жетіп отырмыз. Бірақ жетістіктерге тоқмейілсіп тоқтап қалмаймыз. Алға ұмтыла береміз. Саяси жаңғыру, экономика құрылымын өзгерту, әлеуметтік саланы дамыту жұмыстары тың қарқынмен дамып жатыр. Бұған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі үлес қосып жатыр. Кеңес құрылғаннан бастап тиімді пікірталас алаңына айналды, - деді Мемлекет басшысы.


Өзгелердің жаңалығы