Жетімдер үйін тексеру бойынша қандай шаралар қолға алынғаны айтылды

27 Қыркүйек 2021, 16:50
5459
Бөлісу:
Жетімдер үйін тексеру бойынша қандай шаралар қолға алынғаны айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкіметтің баспасөз орталығында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балаларды қорғау, жетімдер үйін тексеру бойынша қандай шаралар қолға алынып жатқаны туралы айтып берді.

Балалардың құқығын қорғау бойынша кешенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Ол үшін тиісті жол картасы Үкіметтің Қаулысымен бекітілді. Сондай-ақ осы мәселені жан-жақтан қарау үшін өңірлерде арнайы мониторинг жүргізетін топтар да құрылды. Оған қоғам белсенділері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, журналистер және басқа да азаматтар қатысып, дер кезінде осы мәселелерді қарайды, - деді министр.
Одан бөлек, балалар үйлерінде тиісті қамқоршылық кеңестері құрылып, олардың жұмыстары да жаңа тәртіппен жүргізіледі.
Тексеріс өткізудің жиілігін қайта қарастыру бойынша тиісті шаралар қабылдадық. Сондықтан тексеріс, алдын алу мәселесі осы жүйемен жүргізіледі, - деп жауап берді Аймағамбетов.
Осы сұраққа брифинг барысында Премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов та жауап берді.
Бұл – өте маңызды сұрақ. Сол себепті ерекше бақылауда. Үкімет жанында кәмелетке толмағандарға байланысты ведомствоаралық комиссия бар. Болашақта ондай жағдайлардың болдырмауына қатысты нақты шаралар қабылданып, әр аймаққа жіберіледі, - деп толықтырды Үкімет мүшесі.

Өзгелердің жаңалығы