Жетігенге арнайы комиссия жіберілді

4 Мамыр 2020, 23:58
1589
Бөлісу:
Жетігенге арнайы комиссия жіберілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысындағы Жетіген аэродромына ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери ұшағы апатты жағдайда қонды.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан-Ақтөбе бағытындағы әскери ұшақтың алдыңғы шассиі ашылмай, Жетіген аэродромына аман-есен қонғанын хабарлағанбыз. Аэродромға жедел жәрдем мен құтқарушылар барған. Абырой болғанда, олардың көмегі қажет болмады. 

Ұшақтың алдыңғы шассиі ашылмай қалған. Сондықтан, ұшу-қону жолағына алдын ала көбік шашылған. Ұшақ қонған соң, экипаж эвакуацияланған. 

4 мамыр күні жоспарлы тапсырманы орындау барысында С-295 әскери ұшағының алдыңғы шассиінен техникалық ақау шықты. Экипаж командирі, бірінші санаттағы ұшқыш Жеңіс Зейнолдинов, командир көмекшісі Абылай Ыбыраев және борт инженері, майор Карим Пахритдинов ұшақты аэродромға шассисіз қондырды. Экипажда басқа адам болған жоқ, - деді ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы Нұрлан Орманбетов "Хабар 24" телеарнасына берген сұхбатында. 

Спикердің айтуынша, оқиға орнына арнайы комиссия жіберілді. Арнайы комиссия мәселенің мән-жайын анықтайтын болады.

Өзгелердің жаңалығы