Бас жаңалықтар
Жеті айда 43 мыңнан астам адам зейнетке шықты
05 Тамыз 2020, 16:20 266

Жеті айда 43 мыңнан астам адам зейнетке шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы жылдың алғашқы жеті айында 43 мыңнан астам қазақстандық зейнетке шықты. 

Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Биылғы жылдың 7 айында 43 453 қазақстандық жасына байланысты зейнетақының тағайындалуына өтініш білдірді. Зейнеткерлікке шыққандардың арасында Алматы (5 мыңнан астам), Түркістан (4,5 мыңнан астам) және Шығыс Қазақстан (3,8 мыңнан астам) облыстарының тұрғындары көп. Ең төменгі көрсеткіш Атырау облысына тиесілі, онда 7 ай ішінде 1295 тұрғын зейнеткерлікті рәсімдеген, - делінген хабарламада. 
Айта кетейік, былтырғы жылдың дәл осы кезеңінде 41 мыңнан астам азамат зейнетке шыққан. Елімізде зейнет жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті зейнет жасы толғанға дейін 10 күн бұрын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының фронт-офисі арқылы беру керек. ХҚКО-ға бару үшін алдымен egov.kz порталы немесе eGovKzBot2.0 Телеграм-боты арқылы кезек уақытын брондау қажет.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...