Жетекші ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды – Павлодар

19 Наурыз 2021, 23:22
2537
Бөлісу:
Жетекші ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды – Павлодар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жетекші ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды
Енді ауыл тұрғындарына жарыс өткізу үшін облыстық орталыққа барудың қажеті жоқ, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Наурыз мерекесі қарсаңында «Ақ жүрек» дене шынықтыру-сауықтыру кешені іске қосылды.  

Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманслямның айтуынша, нысан «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша салынған. Бұл бағдарлама аясында елді мекендерде инфрақұрылым жүргізіледі. Жобаның құны – 154 млн теңге.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев спортты дамытуға, ұлтты сауықтыруға ерекше  көңіл  бөлуде.  Мұндай нысандар барлық жерде салынады, – деді қала басшысы. – Бұл спорт кешені ауыл тұрғындарына қалаға бармай-ақ спорттық іс-шараларды өткізуге, түрлі үйірмелерге баруға мүмкіндік береді.  Бүгінде ауылда да қаладағы тәрізді барлық жағдай жасалуда.

Спорттық инфрақұрылымнан басқа, ауылда абаттандыру  жүргізілуде: жолдарға асфальт төселіп, сумен жабдықтау жүйесі және мектепке қосымша құрылыс салынады.

Дене шынықтыру-сауықтыру кешені спорт зал мен шағын футбол алаңынан тұрады.

Бұрын ауылда ештеңе болған жоқ. Тұрғындар үшін салынған дене шынықтыру кешенінде  балалар мен ересектер де айналысатын болады. Зейнеткерлер үшін үйірмелер ашуды жоспарлап отырмыз,  – деді ДСК басшысының м.а. Ғазиз Ақаев.

Оның айтуынша, ғимарат 80-100 балаға есептелген.

Кешенде сабақтар қаңтарда басталды. Жетекші ауылының тұрғындары футбол, баскетбол және волейбол, армрестлинг, қазақша күрес секцияларына жазыла алады, шахмат және дойбы ойнауды үйренеді. Бұл тізім алдағы уақытта кеңейтіле түспек.  

Өзгелердің жаңалығы