Республикалық бюджеттен жергілікті бюджетке 220 млрд теңге беріледі – Скляр

28 Қаңтар 2020, 12:00
1546
Бөлісу:
Республикалық бюджеттен жергілікті бюджетке 220 млрд теңге беріледі – Скляр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде ауыл шаруашылығын субсидиялаудың тиімділігін бағалау енгізіліп, бұл мақсатта осы жылы республикалық бюджеттен жергілікті бюджетке трансфет 220 млрд теңге болады.

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр мәлімдеді.

Айтуынша, еліміздің агроөнеркәсіп кешенін дамытуда жергілікті өңірлерге аса мән берілмек. Бұл міндетті орындау үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірге азық-түлік импортын азайту қамтамасыз етуі керек.

Осы жылы агроөнеркәсіп кешен субъектілерінің, қарсы міндеттемелерін қоса алғанда, ауыл шаруашылығының субсидиялаудың тиімділігін бағалау  енгізіледі. Осы мақсатта 2020 жылы республикалық бюджеттен жергілікті бюджетке трансфет 220 млрд теңгені құрайды. Сонымен бірге әкімдіктер қаржының агроөнеркәсіптік кешенге қатысы жоқ басқа мақсатқа бағыттау тәжірибесі тоқтауы тиіс. Осылайша, Ауыл шаруашылығы министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірге азық-түлік импортының үлесін азайту және елді азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысты қамтамасыз етеді, - деді премьер-министрдің орынбасары Үкіметтің кезекті отырысында.

Бұған дейін, ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмаларды орындау аясында орта мерзімді кезеңге арналған экономикалық даму жоспарын әзірлеу қажеттігін айтқан болатын.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов еліміздегі кәсіпкерлік пен бизнеске қолдау көрсету мақсатында 2020 жылы қолға алынатын іс-шаралар аясында "Бизнеске арналған үкімет" бірыңғай терезесі құрылатынын баяндады. Сонымен қатар, 1 шілдеге дейін зейнетақы жүйесін жаңғырту бойынша шешімдер әзірленетінін мәлімдеді.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын жаңаратынын және қаржы технологиялары арналған тиісті тұжырымдама әзірленетінін айтқан болатын.

ҚР премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр 1,1 трлн теңгеден астам сомаға 160 жобаны пайдалануға беру жоспарланғанын мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы