Жерді игермегені үшін сот арқылы алып қою керек – Тоқаев

20 Желтоқсан 2019, 12:53
6477
Бөлісу:
Жерді игермегені үшін сот арқылы алып қою керек – Тоқаев
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығына қажетті жерді игермей жатқан азаматтардың жерін қайтарып алу үшін тиісті сот процесін әзірлеуді тапсырды.

Көкейкесті мәселенің бірі – жер және оны тиімді пайдалуға қатысты. Жақында Ақмола облысына жасаған сапарымда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді тиімсіз пайдалану жайында назар аудардым. Бұл бағытта менің ұстынымым – бекем. Жерді игере алатын адам ғана – оның иесі болуға лайық. Дегенмен, тәжірибе көрсетіп тұрғандай, жердің тиімсіз пайдаланып жатқанын анықтау өте қиын. Сондықтан, мұндай мәселеде асығыс шешім қабылдай алмадық. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығын пайдалануды мемлекеттік бақылау  заманауи технологиялар арқылы бақылауды енгізу керектігі көрініп тұр. Ұлттық комиссия мүшелері пайдаланылмай жатқан және тиімсіз пайдаланылып жатқан жерді бақылау үшін ғарыштық мониторингке көшудің қажеттігін атап өтті. Қазанда мен жерді қашықтықтан бақылау үшін агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері жөнінде заңға қол қойдым. Нақты заңнамалық негіз – бірінші қадам. Енді ғарыштық суреттер арқылы жер иесімен шартты бұзу мүмкін болады. Сондай-ақ, тексерушілер мен инспекторлардың қатысуын барынша азайтады. Менің тапсырмам бойынша, Ауыл шаруашылығы министрлігі тиісті бұйрық әзірледі. Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Цифрлық даму министрлігі бірлесіп, жерді ғарыштық мониторинг туралы пилоттық жобаны 2020 жылдың 1 мамырына дейін әзірлесін, - деді Тоқаев Ұлттық қоғамдық кеңестің отырысында.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы игерілмеген жерді мемлекетке қайтармау үшін түрлі айла табатындардан арылу үшін "Үкімет тиісті құқықтық актілерді жедел қабылдап, игерілмей, бос жатқан жерлерді экономикалық айналымға енгізу шараларын қолға алу тиіс" деп тапсырма берді.

Бұдан басқа, жерді игермегені үшін базалық салықтық мөлшерлемені 10-нан 20 есеге дейін ұлғайту керек деп есептеймін. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы жерін пайдаланбағаны үшін екі жылдан астам уақыт бойы пайдаланбағаны үшін жерді алу қажеттілігі бар. Сонымен бірге, жерді сот арқылы алып қоюдың тиімді және жедел тетіктерін қарастыру маңызды. Игерілмеген жатқан жер телімін қайтарып алу кезінде істі созбаламға салудың түрлі амал-айласы, өкінішке қарай, орын алатын болды. Осындай жағдайда жерді ешкім пайдалана алмай бос қалады. Үкімет тиісті құқықтық актілерді жедел қабылдап, игерілмей, бос жатқан жерлерді экономикалық айналымға енгізу шараларын қолға алу тиіс. Мемлекет болашағына қатысты мәселе бойынша алауыздыққа жол беруге болмайды. Біз оң өзгерістерді билік пен қоғамның ортақ келісімі және сындарлы іс-әрекеті арқылы ғана жүзеге асыра аламыз. Осыны есімізден шығармайық... Еліміздің ұлтжанды азаматтары мен түрлі қоғам өкілдерін бірлесе жұмыс істеуге шақырамын, - деді мемлекет басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Нұр-Сұлтанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы өтіп жатыр. Сонымен қатар, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ІІ отырысында ең алдымен халықтың мұң-мұқтажына құлақ түру керек екенін айтты.
Өзгелердің жаңалығы