Жер туралы жаңа заңның ауылшаруашылық саласын дамытуға үлесі мол – Өтешев

2 Шілде 2021, 12:14
2555
Бөлісу:
Жер туралы жаңа заңның ауылшаруашылық саласын дамытуға үлесі мол – Өтешев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президент қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қатысты Республикалық кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев өз пікірін білдірді. 

Мемлекет басшысы қол қойған жер қатынастарын дамыту бойынша заң бізге өте қажет. Неге десеңіздер, жерді баяғыдан бері жалға алып алған. Бірақ ешқандай іс-әрекет жасамай жатқан кәсіпкерлер көп. «Ештеңе етпейді, тұра берсін» деп салғырт қарап жүргендер көп. Ал жер болса, өзінің сапасын, нәрін түсіре бастайды. Сондықтан жермен айналыспаған кәсіпкерлерге жермен айналысатын басқа жандарға мүмкіндік бергендері дұрыс деп санаймын. Ал әкімшілік тарапынан бақылау функцияларын министрліктің деңгейіне өткізу өте қажет деп ойлаймын. Неге десеңіздер, әкімдік ол жергілікті атқарушы орган ғана. Қабылданған заң сыбайлас жемқорлықты түбімен жойып, жеріміз сатылмай, жалға беріліп жатқаны да өте дұрыс шешім деп ойлаймын. Жердің сатылмағаны идеологиялық тұрғыда сана сезімімізге өте қатты әсер етеді, - дейді кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары. 
Оның айтуынша, осы заң арқылы ауылшаруашылық мақсатындағы жер барынша тиімді қолданылуы мәселесін шешіп береді. 
Жердің өзі бір жыл ішінде ешқандай өңдеу жұмыстары жүргізілмесе, құнарлығын жоя бастайтыны анық. Сондықтан жерді өңеп, үнемі жұмыс істеп отыру керек. Осы тұрғыда қабылданған заң нағыз жұмыс істеймін деген ауылшаруашылық өндірушісіне кәсібін дөңгелентуге мүмкіндік береді деген ойдамын, - деп отыр Нұрлан Өтешев.

Өзгелердің жаңалығы