Жеңіс күнін баяндайтын фильмдер топтамасы

9 Мамыр 2021, 13:50
3687
Бөлісу:
Жеңіс күнін баяндайтын фильмдер топтамасы
PHOTO VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл қазақстандықтар Жеңістің 76 жылдығын атап өтіп жатыр. Ең қатыгез және қанды соғыс миллиондаған адамның өмірін жалмады.

Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 76 жылдығына орай BAQ.KZ үздік фильмдердің топтамасын ұсынады.

«Севастополь үшін шайқас» (2015)

Севастополь үшін шайқас - бұл КСРО-ға неміс шабуылына қарсы Қызыл Армияға қосылып, Екінші дүниежүзілік соғыста ең жойқын мергендердің бірі болған Людмила Павличенко туралы өмірбаяндық фильм.


Сюжет Екінші дүниежүзілік соғысы кезінде болған нақты оқиғаларға негізделген. Фильмде аты аңызға айналған тұлға - кеңестік мерген Людмила Павличенконың мысалында соғыстағы әйелдің қайғылы тағдыры көрсетілген, ол өз есімін тарихқа мәңгі жазды.

Фильмнің оқиғалары 1937 жылдан 1957 жылға дейінгі кезеңде өрбиді. Соғыс басталған кезде нәзік, бірақ батыл қыз майданға өз еркімен барады. Чапаев атқыштар дивизиясына түсіп, Людмила өзінің қиын және өте қауіпті әскери жолын бастайды. Ол қатал соғыс уақытының барлық қиындығына тап болады. Бірақ жас қыз үшін ең үлкен сынақ бұл емес, ол соғыстың барлық қасіретінен өткен махаббат болды...

«28 панфиловшылар» (2016)

«28 панфиловшылар» фильмі 1941 жылы 16 қарашада Мәскеуді немістердің шабуылынан қорғаған генерал Иван Васильевич Панфиловтың қол астында болған 316-шы атқыштар дивизиясының кеңестік 28 жауынгердің көрсеткен ерліктеріне арналған. Бұл фильмді жасау үшін краудфандингтің көмегімен 35 миллион рубль жиналды, оған Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі де қатысты.Фильмнің режиссерлері Ким Дружинин және Андрей Шальопа.

1941 жылдың қатал күзі. Атқыштар дивизиясының жиырма сегіз жауынгері Волоколамск маңындағы Дубосеково теміржол платформасының жанында орналасқан. Оларды генерал Иван Васильевич Панфилов басқарады - ерекше қадір-қасиеті бар адам, ол өзін «панфиловшылар» деп атайтын жауынгерлерінің шынайы беделі мен сүйіспеншілігіне ие.



 Кеңес сарбаздарының шағын және оқшауланған тобы адамгершіліктен тыс батылдық пен табандылық танытуға мәжбүр. Саны мен қару-жарағынан асып түсетін қарсыластырының екі танк дивизиясы Дубосеково қорғанысынан өтуге талпынады. Панфиловшылар бірнеше сағаттық теңсіз шайқасқа төзуге мәжбүр болады, өз кеудесімен болса да, фашистердің жолына тосқауыл қояды.

Фильмде Қазақстан, Ресей және Украина актерлері ойнайды. 

«Мергендер» (1985)

Туынды 1985 жылы жарық көрген. Фильмде қолына қару ұстап көрмеген жас қыз Әлия бейнесі сипатталады. Соған қарамастан, Әлия нағыз мерген болып шығады. Бұл фильмде Әлияның мінезі, өзінің амал-тәсілдерін анық көрсетеді.

Жеңіс күнін баяндайтын фильмдер топтамасы

Мерген қыз отыздан аса жаудың көзін жойған. Соңғы көріністе Ленинград үшін соғыс көрсетіледі. Көп адамды жоғалтқан ауыр соғыс болған жер еді. Дәл сол жерде батыр қыз ерлікпен қаза табады. Кейіннен Әлия Молдағұловаға Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.

Фильмнің режиссері Болот Шамшиев.

«Бауыржан Момышұлы» (2015)

Жеңіс күнін баяндайтын фильмдер топтамасы

Телехикаяның әрекеті 1941 жылдың шілде айында басталады, сол кезде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы әскери комиссариатта қызмет етіп, армия қатарына қосылуды сұрайды, бірақ одан еш нәтиже шықпайды. Бұл кезде Алматыға болашақта аты аңызға айналған дивизияны қалыптастыру үшін генерал-майор Панфилов келеді. Бауыржанмен танысып, оны жақынырақ білген Панфилов батальондардың бірін Момышұлына сеніп тапсырады. Кейін көп ұзамай дивизия майданға аттанады.

Телесериалдың режиссері - Ақан Сатаев.

    «Анаға апарар жол». (2016) Қазақфильм

«Анаға апарар жол» картинасының негізгі сюжеті ана махаббатының қуатты күшінен бастау алады. Осынау құдіретті күштің арқасында кейіпкер үйіне барар жолда кездескен ауыр қинышылықтарды жеңіп шығады. Оқиғаның негізгі желісі қазақ халықының басына түскен ауыр кезеңмен тұспа-тұс келген: ұжымдастыру, жұт, соғыс және соғыстан кейінгі жылдар. Картинаның басты кейіпкері Ілияс ерекше рухты, ерлік пен отансүйгіштік және керемет қайсар мінез көрсетеді. Тағдырдың ауыр соққыларымен бетпе-бет келеді: балалар үйі, сұрапыл соғыс, тұтқынға түсу, жазасын өтеушілер лагеріне тап болады. Осынау ауыртпалықтарды еңсеруге оған анамен жүздесу мақсаты күш береді. Фильм өмірлік құндылықтардың мәні мен тіршіліктегі құбылыстарға өзгеше көзқараспен қарауға жол сілтейді.

Анаға апарар жол – Ақан Сатаевтің көркем драмалық фильмі. Фильмнің тұсауы Қазақстанда 2016 жылы 29 қыркүйекте кесілді. 


Өзгелердің жаңалығы