Жеңіс Қасымбек жұмыс сапарымен облыс орталығын аралады

5 Қараша 2021, 19:39
764
Бөлісу:
Жеңіс Қасымбек жұмыс сапарымен облыс орталығын аралады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек жұмыс сапарымен облыс орталығын аралады. Бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Майқұдықтың басты жолында М14 қиылысына дейін жол толығымен ашылды. 150 метр бордюр мен 500 текше метр топырақ жұмысын аяқтау, бағдаршамдарды қосу және аялдама павильондарын орнату қалды. Осы жылдан бастап олардың саны 10-ға артады. Келесі жылы Нан-макарон комбинаты жағына қарай 800 метрлік учаскені қайта жаңарту жоспарланып отыр, – деп жазды облыс әкімі.
Майқұдықта «Отбасы банк» салымшылары үшін үш 60 пәтерлі кредиттік үй салынып жатқанын, бірінші үйдің биыл аяқталатынын және қалған екеуі келесі жылдың бірінші тоқсанында дайын болатынын да айтты.
Жыл соңына дейін №8 «Трилистник» тұрғын үй кешені тапсырылады. «Панель-центр» шағын ауданында №3 үйдің бірінші бук-секциясы аяқталды, екіншісі жыл соңына дейін аяқталады. Биылғы жылы Майқұдық, Пришахтинск және Сұрыптауда 55 ойын алаңы мен 12 футбол алаңы орнатылды. Келесі жылы ауданның 27 ауласын жөндеуге бюджеттен қаржы қарастырылды. Қазыбек би ауданында 53 балалар алаңы мен 7 футбол алаңы абаттандырылды. Жеке қаражатқа Қанат Байшолақов атындағы жаңа Спорт кешені салынуда. Мұнда жекпе-жек, гимнастика, шағын футбол залдары болады, – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Өзгелердің жаңалығы