Бас жаңалықтар
Жеңіс Қасымбек Сәтбаев қаласы жайлы: Қалада мәселер жеткілікті
25 Қаңтар 2021, 23:35 144

Жеңіс Қасымбек Сәтбаев қаласы жайлы: Қалада мәселер жеткілікті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Сәтбаев қаласын одан әрі дамыту мәселесін талқылады.

Биыл кәріз желісін, Восточный аймағының жылу жүйесін және 6-8-шағын аудандардан кәріз коллекторын салу және Есқұла су құбырын беруді аяқтау жоспарлануда. Бұл жобалар қаланың тіршілігін қамтамасыз ету үшін маңызды. Жақында қалада жұқпалы аурулар ауруханасы ашылды. Биыл 320 орындық балабақша мен Оқушылар сарайының құрылысы аяқталуы керек. Жұмыспен қамтудың жол картасы арқылы 1995 жылдан бері жұмыс істемейтін «Юность» стадионы мен Жеңіс саябағын қайта құру жоспарланған - деп жазды әкім өзінің жеке парақшасында.

Оның сөзіне қарағанда қалада тұрғын үй құрылысы саласында 16 көппәтерлі тұрғын үй салынуда. 

56 көппәтерлі және 30 көппәтерлі екі үйдің құрылысы басталады. Әрі қарай абаттандыру аясында 14 қала көшелерін жөндеу, 2 шағын ауданды, қаланың төменгі бөлігіндегі 59 ауланы және Шаталюк пен Ерден көшелерінің жаяу жүргіншілер бөлігін абаттандыру жоспарланған. Сонымен қатар, 20 үйдің қасбеті жөнделеді, 20 жаңа аялдама павильоны, 6 балалар ойын алаңы, 3 Street Workout кешені орнатылады. 3 жыл ішінде «Қазақмыс» корпорациясы есебінен 400-ге жуық бейнебақылау камералары орнатылады. Қалада біз біртіндеп шешетін мәселелер жеткілікті - дейдіЖеңіс Қасымбек.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...