Жеңіс Қасымбек: Биыл кезекте тұрғандарға 250 пәтер беріледі

14 Мамыр 2021, 19:03
1451
Бөлісу:
Жеңіс Қасымбек: Биыл кезекте тұрғандарға 250 пәтер беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қарағанды облысы әкімі Жеңіс Қасымбек  жұмыс сапарымен Шахтинск қаласына барып, онда қаладағы жалғыз жылу көзі - «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС жұмысымен танысты.

Шахан кентінің қазандығы мен желілерінің құрылысы аяқталғаннан кейін кәсіпорын кентке жылуды беруге жауапты болады. Қазіргі уақытта алда тұрған маңызды міндет, жазғы кезеңде жөндеу науқанын сапалы өткізу. Бұл үшін облыстық бюджеттен қазандықтар мен магистральдарды жаңғыртуға қажетті қаражат бөлінетін болады. Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысымен таныстым. Бүгінгі күні сыртқы жұмыстар жасалып, су құбыры, кәріз, жылу желілері, электрмен жабдықтау жүргізілді. Нысан ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға тапсырылуы тиіс - деп жазды облыс басшысы өз парақшасында.

Ол өткен жылы тұрғындар айтқан автовокзалды қайта құру жұмыстарының іске асырылуын мұқият қадағалап отырғанын атап өтті. 

Ғимаратта жылыту жүйесі қалпына келтіріліп, аумақ асфальтталды. Шатыр, сумен жабдықтау және су бұру жүйелері жөнделді. Алда әлі көп жұмыстар бар. Бірақ осы жылдың қазан айында жаңартылған автовокзал пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Қалада әлеуметтік тұрғын үйге кезекте тұрған тұрғындардың қажеттіліктері үшін төрт көппәтерлі үй салынуда. Биыл кезекте тұрғандарға 250 пәтер беріледі - деді ол.

Әкім сапар барысында металл өнімдерін шығаратын «Темирлайн» ЖШС кәсіпорнында болды. 

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау арқасында зауыт өндірісті кеңейтіп, өз өнімдерін бүкіл Қазақстан бойынша сатуды бастады. Пандемия кезінде бұл қаланың экономикалық тұрақтылығына айтарлықтай әсер етті - деді Жеңіс Қасымбек.

Өзгелердің жаңалығы