Жеңіс Кәкенұлы. «Он бірінші күнді еске алу» немесе суретшінің құпиясы

27 Қазан 2020, 14:30
4290
Бөлісу:
Жеңіс Кәкенұлы. «Он бірінші күнді еске алу» немесе суретшінің құпиясы
EX VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Суретші, кескіндемеші, график, Мәдениетті қолдау жылы эмблемасының авторы, публицист, ҚР мәдениет қайраткері, Президент стипендиясының иегері Жеңіс Кәкенұлымен қазіргі кескіндеме өнері, суретшілер құпиясы, картина саудасы жайлы сөз қозғаған едік.

Сонымен қатар, Жеңіс Кәкенұлының өз шығармашылығына да тоқталып, әр жылдары түрлі циклмен сызылған картиналары жайында әңгіме өрбіттік.

Сапа тым төмендеп кетті. Себебі бұрынғыдай бақылау болмады. Әрине, қазақ суретшілерінің таланты кеміді деген сөз емес, керісінше, кезіндегі кескіндеме мен графиканы оқытатын сағат саны мейлінше қысқарды. Соның салдарынан да сапа төмендеді, – дейді суретші.

Суретшілер де заман ағымына қарай түрлі жанрға бейімделеді. Қарапайым адамдар арасындағы классикадан психологиялық және философиялық мәні терең, модернизмге, қарапайым адамдар түсініп болмас «шимайға» бет бұрғандар бар. Және солар өз еңбектерін миллиондаған долларға бағалайды. Жеңіс Кәкенұлы бұл мәселеге де өз көзқарасын айтты.

Бұл – ең әуелі суретшілердің ішкі мәдениетіне байланысты. Бір суретшілер отырып баз-баяғы кескіндеме әліппесінен бастап өтеді. Ал тағы бір әріптестеріміз оңай атаққа, оңай табысқа жетудің, жұртқа танымал болудың оңай жолын іздейді. Еңбектеніп, осы өнердің үдесінен шығу жолын тәрк етіп, тез баюды көздейді. Бұл – бір. Екінші, қазір әлем – қалталылардың тайталас алаңы. Бейнелеу әлемі де сондай. Қолына ақша таза жолмен жетпеген, арам табысын тазалау үшін қалталылар суретшімен келіседі, ақысын береді, суретшінің бір картинасын бәлен миллион долларға сатып алады. Аукцион арқылы өткен соң, ақша заңдастырылады. Картинасын сатып алған соң, суретшіге тиесілі ақысын беріп, өзі ақшасын тазалап алады, – дейді Жеңіс Кәкенұлы.

Әңгіменің толық нұсқасын видеодан тыңдап алуға болады.


Өзгелердің жаңалығы