Еліміздің жеңіл атлеттері халықаралық жарыста топ жарды

31 Мамыр 2019, 15:27
1295
Бөлісу:
Еліміздің жеңіл атлеттері халықаралық жарыста топ жарды

Алматы, BAQ.KZ.   Алматыда жеңіл атлетикадан Eurasian Athletics Meeting U-20 халықаралық турнирі аяқталды

.
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан командасы бірінші орын иеленді деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі. 

Елімізде өткен халықаралық сынға Үндістан, Беларусь, Тәжікстан және Өзбекстаннан спортшылар келген болатын. Біздің команда мүгелері тоғыз алтын, 13 күміс және тоғыз қола медаль еншілеп, жалпы есепте бірінші сатыға көтерілді. 

Қазақстан қоржынында 254 ұпай бар. 

Екінші орында 184 ұпай жинаған Өзбекстан спортшылары. Үшінші сатыға 115 ұпаймен тәжікстандық атлеттер орналасты.
Өзгелердің жаңалығы