Бас жаңалықтар
Жеңіл атлетикадан қысқы әлем чемпионаты 2023 жылға ауыстырылды
11 Желтоқсан 2020, 03:31 290

Жеңіл атлетикадан қысқы әлем чемпионаты 2023 жылға ауыстырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жеңіл атлетикадан 2021 жылдың наурыз айында Қытайдың Нанкин қаласында өтуі тиіс қысқы әлем чемпионатына екі жылға шегерілді. Бұл туралы Халықаралық жеңілатлетикалық федерациялар қауымдастығының World Athletics баспасөз қызметі хабарлады.

Алдымен турнир 2022 жылы Сербияның Белград қаласында өтеді. Ал 2021 жылғы доданы коронавирус індетіне байланысты ұйымдастырушыла 2023 жылға  ауыстырды.
Біз Қытайдағы ұйымдастырушылармен тікелей байланыс ұстағанымызға қарамастан, әлемдегі ахуалға байланысты көптеген жағдайлар белгісіз күйінде қалып отыр. Жабық ғимараттағы жеңіл атлетика маусымы айтарлықтай ұзақ емес, сол себепті, біз бұл жарысты наурыз айынан кейінгі уақытқа ауыстыра алмаймыз, - делінген хабарламада.

Айта кетелік, турнир осымен екінші рет шегеріліп отыр. Бұған дейін бәсеке 2020 жылдың 13-15 наурызында өтуі тиіс болатын.  Жеңіл атлетикадан қысқы әлем чемпионаты 2004 жылдан бері тақ жылдары өткізіліп келеді. 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...