Женевада БҰҰ 9 қызметкерінен індет анықталды

1 Сәуір 2020, 15:08
1075
Бөлісу:
Женевада БҰҰ 9 қызметкерінен індет анықталды

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ.  Женевадағы Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде ұйымдың  тоғыз қызметкерінен COVID-19 вирусы анықталды, деп жазады China.org.

Әлем бойынша БҰҰ қызметкерлері арасында COVID-19 вирусын жұқтырған 78 жағдай тіркелген. БҰҰ ақпараттық қызметінің директоры  Алессандра Веллуччи бұл 30 наурыздағы ақпарат екенін айтты. Пациенттердің жеке бас құпиялылығын сақтау мақсатында бұдан өзге ақпарат берілмейді.

28 наурызда Веллуччи баспасөз брифингінде әлем бойынша БҰҰ қызметкерлері арасында COVID-19 вирусын жұқтырған 78 жағдайдың тіркелгенін айтқан еді.

Белгілі болғандай, БҰҰ COVID-19 пандемиясымен күреске жаһандық жоспар әзірлеп жатыр. Ол Африка, Азия, Латын Америкасы елдеріне және Украинаға негізделген.
Өзгелердің жаңалығы