Жемқорлық туралы хабарлау: 5 айда 14 млн теңге сыйақы берілді

23 Маусым 2020, 17:16
2409
Бөлісу:
Жемқорлық туралы хабарлау: 5 айда 14 млн теңге сыйақы берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биылғы 5 айда 14 млн теңге сыйақы берілді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеуші Данияр Биғайдаров "Аntikor live" алаңында айтты. 

Жемқорлық фактісі туралы хабарлаған азаматтың жеке мәліметтері толық қорғалған. Олар құпия болып саналады. Олар қорғалған, қауіпсіз ортада қалады десек те болады. Соңғы 4 жылда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 889 азаматқа 126,5 млн теңгеге сыйақы берді. 2016 жылы 21 млрд теңге, 2017 жылы 32 млн-ға жуық, 2018 жылы 28 млн теңге, 2019 жылы 32 млн теңге, биылғы 5 айда 90 адамға 14 млн теңге сыйақы берілген, - деді ол. 

Сондай-ақ, ол әлеуметтік жауапкершілікке де тоқталып өтті.

Мәселен, мен Еуропада 2 жыл оқыдым. Кез келген баладан өскенде "Кім болғың келеді?" деп сұрасаң, тәрбиесі жақсы отбасынан шыққан бала дәрігер болғым келеді деп жауап береді. Себебі ол "Қоғамға үлесімді қосқым келеді" деп жауап береді. Ал кейбір балаға "Кім болғың келеді?" десең, "бай болғым" келеді дейді. Бұл дұрыс емес деп айта алмаймын. Бірақ адами құндылықтарды ту етіп өсу керек. Сондай-ақ, еуропалықтармен әңгімелессең, олар өзінің құзыретін пайдаланып, байып кету туралы ойламайды да. Сондықтан да осындай ерекшеліктер идеология мен тәрбиеге байланысты болады. Оның барлығы отбасы мен мектептегі тәрбиеден шығады, - деді Данияр Биғайдаров.

Өзгелердің жаңалығы